Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жасым 25-те. Екі рет тұрмыс құрғанмын. Баламыз бар. Күйеуімнің папа мамасы жоқ. Туысқан қайын апаларым ғана бар. Төркініме 3 жыл болды жібермейді. Мүлде басқа адам боп шықты.
Төркініме барып кайтамын десем қолын алып жүгіреді ұрады. Бұрынғы күйеуіммен басқа дінде болған соң ажырастым, арада бала болмады. Күйеуім асырайды, бірақ оның ғана айтқаны болуы керек, мен тек қайын апаларымның көңілінен шықсам ғана ұнаймын оған. Солардың қас қабақтарына қарап отыруымыз керек. Енді осымен 3 рет ұрды барамын сағындым деп ем.
Кетіп калдым. Баласыз барасың деп алып қала жаздады. Қашып кеттім. "Кетсең кет. Ойланып кет артыңнан бармаймын, мен сені қуған жоқпын",- деді. Ұнамаса менің айтқаныммен жүрмесең кете бер деді. Енді төркінімдемін.
Бірақ әрі қарай не істерімді білмей дал болып отырмын. Қайтып барайын ба?