Балалық шағымды, бойжеткен, жастық шағымды ластады...

Oinet.kz 19-08-2023 4643

Көп уақыттан бері сізге жазуға батылым бармай, жазғым келмей жүр еді. Мен 5-ақ жаста едім. Оның бәрін ойын деп түсінгендеймін. Ол еркек менің әкемнің туған жездесі еді. Түнде ұйықтап жатқан жерімнен көтеріп алып кететін. 

Screenshot_14.jpg

Оянып кетсем соның бірдеңе істеп жатқанын көретінмін. Ұнамайтын, бірақ үндемейтінмін. Оянып кеткенде жыламаймын, айқайламаймын. Неге екенін білмеймін. Ол ауданға белгілі адам болды. Қонақ келсе соның қасына барып отырып алатынмын тағы. Әйтеуір ешқандай қарсылық көрсетпегем.

Мен өжет, пысық бала болыппын. Мамам менімен үлкен адамдармен сөйлескендей сөйлесетін. Бала ғой сұрағымызды жауапсыз қалдырмайтын. Бір күні мамам екеуміз жай ғана әңгімелесіп отырып, сол еркектің қылығын айтып бергенім есімде. Оны тағы қорқынышпен емес қызықты әңгіме сияқты етіп айтып бергем. Мамамның көзі шарасынан шығып, бәрін анықтап сұрап алды. Сол күні кешке анау еркек әйелімен (әкемнің туған әпкесі) үйге келді. Әжем бар еді. Соған анау еркек айтып тұрды:

- Апа, тыныштық па? Балаңыз "тез жет" хабарласты. "Тыныштық па?" десем, "Тыныштық емес" деді,- деп. Ол кезде (домашний) телефон ғой. Содан бәі үйге кіріп кетті. Әжем кірмеді. Немесе кіргізбеді. Мен де кірмедім. Ұзақ сөйлесті. Мен кіріп қалып едім, мамам "Не болғанын айт", - деді. Мен мамама айтқаннан сорақысын айтқам. Бірақ оны да қызық әңгіме сияқты айтқаным есімде. Жанымды ауыртып зорламаған соң солай болар.

Ол еркек әрине мойындамады:

- Бұл бала өте ақылды бала. Мен оны бекерге Шерлок Холмс демеймін. Ол өзі ойлап тапқан әңгіме,- депті.

(Қазір Шерлок Холмс деген сөзді естісем денем дір ете қалады. Ана еркектің атын естісем, суретін көрсем жиіркеніп кетем. Көріңде өкіргір деймін). Содан мамам айтыпты:

- Егер сен кінәлі болмасаң, бір жылға жетпей мен өлейін. Ал кінәлі болсаң, бір жылға жетпей сен өл,- депті. Ол:

- Айтсаң болды,- депті. Әкем:

- Қызды тексерт. Таза болса, жездемнен кешірім сұрамасаң, үйге келме,- депті.

Тексертсе таза болғам. Мамам ағасынан ақыл сұрапты. "Кешірім сұрамасаң үйге келме",- деп жатыр деп. Ағасы:

- Отбасың сақтау үшін кешірім сұрай сал. Бастысы қызың таза ғой,- депті. Сосын сол еркекке:

- Кешіріңіздер, қызым таза екен,- депті. Ол еркек ештеңе демепті. Әйелі де (әпкеміз) үндемепті. Содан аяқ асты ауырып, 3-4 ай төсек тартып жатып, бір жылға жетпей өлді. Мамам:

- Оның кінәлі екеніне 100% сенімді болдым. Сол үшін солай қарғадым,- деді. 

Сол кезде жаңағы ұлы да тиіскені есімде. Сол травмамен әлі де өмір сүріп келемін. Әлі де шын қуанып, шын күле алмаймын. Өсе келе ондай иттікті басқалардан көрдім. Бәрін ашып айтқым келмейді. Өз жарамды тырнаймын айтсам. Ешқайсысы қыздығыма тимеген. Бірақ балалық шағымды, бойжеткен, жастық шағымды ластады...

Ол иттердің арасында өзімнің туған бауырым да бар. Ешқайсысын көргім келмейді. Бәрні жек көрем. Ағам сол кезде-ақ кешірім сұрады: "Шайтан жолдан ұрды, енді қайталамаймын",- деді. Ағалық қамқорлығын оған дейін де, одан кейін де көрсетіп келеді. Бірақ бәрібір ішім жылымайды. Ортада бір көрінбейтін тосқауыл тұрады.

Осы оқиғалардан соң өзімді "қыз емеспін" деп ойлап, көп жігіттің бетін қайтардым. 20-дан асқан кезде барып, гинекологқа тексерілдім. "Қызсың" дегенде жылап жібердім. Талай түнді жылап өткізіп едім, содан кейін ғана өзіме сенімділік пайда болды.

Қазір, шүкір, бақыттымын. Сүйген адамыма тұрмысқа шықтым. Үлкен махаббатпен үйлендік. Балаларыма алаңдаймын. Ұл мен қызды бөлек бөлмеге жатқызам. Қызды бөтен үйге қогуға мүлдем жібермеймін. Үйге бөтен еркек келсе, бірге қалдырмаймын. Айтып түсіндіруге тырысамын. 

Бір күні қайынағам келген үйге қонаққа. Күйеуім екеуміз қонаққа баратын болып, 

- Ұлды қайынағаммен қалдырып, қызды алып кетейік,- дедім. 

- Алып кетіп не істейсің? Үйде қалсын,- деді күйеуім. 

- Еркектермен жалғыз қалдырмай-ақ қояйық,- десем ашуланып кетті. 

- Жындысың ба? Атасы ғой, қызы ғой...,- деп. 

- Мен туған әкесіне де сенбеймін,- деп едім шок болды. Бірақ жарайды деп қызды алып кеттік. Бірақ, құдай сақтасын, күйеумінің әулетінен ондай арам пиғылды адамды көрген жоқпын. Сонда да сақтанып жүрем. 

Ол еркек түнде көтеріп алып кеткенде, әке-шешесі қайда болған деп ойламаңыз. Мамам ауырып, ұзақ уақыт ауруханада жатқан. Әкем бізді әпкесіне апарған ғой бізге қарасын деп. Әпкесі өте мейірімді, жақсы кісі еді. Қыздары да бойжеткен еді. Бізге жақсы қараған. 

Сөйтіп жүріп, оның төсегінен бір-ақ шықтым
Төсекке таңылғанымда мені дәретханаға апарып қараған жігітке тұрмысқа шықтым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу