Үш рет жіп алып қораға бардым...

Oinet.kz 18-08-2023 1378

Өлгім келеді, бірақ істей алмаймын. Үш рет жіп алып, қораға барып, істей алмай қайтып келгенмін. Өз-өзімнен жиіркендіктен өле қалғым келеді. 

Screenshot_7.jpg

Туғаннан кейін мені басқа  отбасыға берген, ол асырап алған әкем әйелімен ажырасып, бір-екі жылдан соң басқа адамға үйленген. Ол мамам тірі. Сол мамам бақты, өсірді. Сол мамамның еріп келген қызы болды. Сол қыздың кесірі маған көп тиді, әлі де тиіп жүр. Ол қыз мені өлердей жек көреді. Не зияным тигенін түсінбеймін. Жамандық жасамаған сияқтымын. Маманың сіңлісінің үйіне (басқа ауылға) қинап үйден қуып жіберген де сол қыз.

Сынып жетекшім менің құжаттарымды әкем мен мамама басқа жақта оқиды деп сұрап барған кезінде бермеген ғой. Сол кезде жаңағы мамама еріп келген апам барып, 10 минуттың ішінде алып келген. "Мә, ал да кет!" деді маған. Амалсыз кеттім тағы да бір бөтен босағаға. "Бармаймын" деп айта алмадым соншалықты жуастығымнан. Сынып жетекшімнің "жақсы оқитын оқушыны жібере алмаймын" дегеніне қарамай, бермесіне қоймай, алған ғой менен құтылу үшін. 

Біреудің босағасында баласын қарап, отымен кіріп, күлімен шығып сабақ оқу жайына қалды. Бағамның бәрі 3-ке түсті. Нағашы апам күн бермейді. "Сені кім шақырды?", "Кет әке-шешеңе",- деп күнде миымды жейді. Мен барайын деп барған жоқпын ғой. Мені қуып жібергендей қылып, қинап жіберді. 

7-8 сыныпты сол жақта оқып, 9 сыныпты ауылға келіп оқимын деп үйіме әрең келдім. Мамам ауданнан 11-ді бітір дейді. Нағашы апам "кет" дейді. Екі ортада қалдым. 

Енді өз сыныбыма келсем, сыныптастарымның бәрі теріс қарап, сөйлеспейді менімен. Маған жоламайды. Бірдеңе сұрасам, жауап бермейді. Қлдар "иммигрант" деп мазақтап күліп жүрді. Сынып жетекшімнің өзі "кет Б сыныбына" деп күнде ұрсып, түк түсінбедім не жазығым барын. Сосын енді не істеймін, қайда барып оқимын деп жүрдім де, таңертең  сабаққа барғанда Б сыныбына барып отырдым. ОЛ жерде мұғалімдер "Сен не істеп жүрсің? Сен А сыныбында оқымайсың ба" деп, қайтадан өз сыныбыма апарды.

Құрысын неге сонша жуас болдым деп ойлаймын қазір. Менің үндемей жүре беретінім көп адамға ыңғайлы болғаны сондай, жақында ғана тұрған жұмысымнан да шығуыма тура келді. Мен үндемеген сайын "мынаған бәрін істеуге болады екен" дегендей ішке өтірік өсек таратып, мен айтты деп (оны тартақан адам өзі ойлап тапқан). Бастық мені шақырып алып, "Сіз мені үстелде отырып айлық алады, выгрузка\загрузкаға шықпайды" деп айтыпсың дейді. Ой, Алла! Ондайды айтпақ түгілі, ойлаған да емеспін. Қысқаса жалған жалаға шыдай алмай арыз жазып шығып кеттім ол жерден. Бүгін мынадай істеген адамдар ертең одан да зорын істемей тұрғанда, кетейін деп шештім. 

Апа, адамның иті көп екен. Таң қалам тіпті. Осы соңғы жағдайды әлі ойлап жүрмін. Сол жердегі әріптес екі әйел қараптан-қарап өшікті маған. Тым жақсы жұмыстан айырылдым осылай. Адамдар неге біреуге тиіспесе жүре алмайды екен?!

Ләззат Ракишева

Insstagram парақшасынан


Жездем анамнан қалған менің атымдағы үйді тартып алды
Енемнің үйде жоқтығын пайдаланып, заттарының бәрін өртеп жіберіп едім...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу