Ажырасқан бастығыма менен 4 жас үлкен болса да үйленіп алдым

Oinet.kz 25-08-2023 4506

Мені асырап алған. Өгей əке-шешем өмірден озғанына көп болды. Өгей əкем 70 жастан асқанда қайтты, өгей анам 90 жастан асып көз жұмды. 

Screenshot_20.jpg

Өгей анам тірі кезінде маған ылғи батасысын беретін. 

"Бақытты бол айналайын, жақсы жар кездессін" деп. Онымен қоса "менің жасымды берсін" дейтін. 18 жасымнан бастап алдағы өмірімді ойлаумен жүретінмін. Жақсы жұмыс пен сенімді адал жар кездестірсем деп. Жоғары оқу оқымағанмын. 9-шы сыныптан кейін колледжге түстім. 3 жыл оқып аман есен аяқтадым. Диплом арқылы жұмысты жалғастырмадым. Оқығаным ағылшын тілінен мұғалім еді. Көбінесе хабарландыру арқылы кездескен қара  жұмыстарды істейтінмін. Ауыр болса да жалақысы маңызды болатын. Құрылыс саласында быраз нəрсе үйрендім. Қай қалада жақсы жұмыс шықса, сол қалаға барып істейтінмін. Солай көшпелі болып жүргенімде, қоймаға жүк тасушы болып орналастым. Таныстарда көбейе бастады. Солардың бірі маған жақсы ұсыныс жасады. Бір жағынан ағылшын тілін меңгергенмін, екінші жағынан жұмысыма адалдық танытамын. 

Шет елге баратын болдым. Жолымның жəне визаның ақшасын санаулы айда жинап үлгірдім. Ол кезде туристік визамен болатын. Барған бетте 3 күн ең арзан қонақ үйде болдым. Сол үш күнде көше жағалап жұмысты қарастырдым. Амал жоқ өмір сүру керек болғасын. Ол елде де қоймада телефон жинақтап реттедім. Жұмыс орын маған жатақхана мен екі мезгіл тамағын қамтамасыз етті. Жалақысы 3000 дирхам болды. Шамамен ол кезде 120 мың теңге. Өйткені жұмысым ауыр емес. Ол елде оданда көп табуға болатын кейін білдім. Көбінесе қасымда үндістер болды. Бастығымда үндіс шамалы орысша сөйлейтін. Жұмыс орыным карго, яғни басқа елді мекенге жүк тасымалдау. Өз ақшама алған визам 2 айға жарамды болғасын. Бастығым 2 жыл мерзімге бизнес виза жасап берді. Мен алаңсыз жұсымымды жалғастырдым. Басында қиналмадым, екі айдан кейін отанға деген сағынышым оянды. Олар көбінесе əр аптаның жұмасында толық демалады. 

Солай жұмысымды істеп жүргенімде екі жыл зу етіп өтіп шықты. Визамның мерзіміде аяқталды. Қолдан келгенше жеткілікті ақшада жинап үлгердім. Отанға қайта оралу керек болды. Əуежайға апаратын автобусқа отырдым. Автобус ұзақ жүретінін біліп барғанша қасыма сөйлесіп баратын адам болса екен деп тіледім. Автобусқа кірген бетте бос орындарды көріп, əдейі бір жас қыздың қасына рұқсат сұрап отырдым. Жасы шамамен менен 4-5 жас үлкендеу болды, ол кезде мен 21-де едім. Əуежайға жеткенше ол қызбен тез тіл табысып кеттім. Ол да мен туралы сұрап мəн жайды білді. Кейін бір бірімздің телефон номерімізді жазып алдық. Барлығы содан басталды. Əуежайға жеткенен кейінде барар жолымыз да бір болды. Ұшақта оның орыны басқа орындық болғасын, адамдармен келісіп орын ауыстырып сол қыздың қасына отырдым. Тура 5 сағат елімізге жеткенше арманмыз сөйлестік.

Солай ол қыз маған өз қарамағына жұмысқа орналасуын ұсынды. Мен бірден келістім. Ол қыздың есімі Аяжан. 25 жаста. Өзі зат тасымалдау арқылы ақша табады. Көбінесе Қытай мен БАƏ осы екі елден таситын. Арзанға алып үстіне ақша қосатын. 

Елімізге келгенде үш күндей демалып, кейін Аяжанның қарамағына  орналастым. Жұмыс оңай болған жоқ. Жəне Аяжанның мінезіне жұмыскерлер шыдамайтын. Мен сатушы да болдым. Қоймаға барып жүк тасыдым. Барып кел шауып кел деген жеріне баратынмын. Арасында оның айғайына шыдамай жұмыстан шығып кеткім келген кездерде болатын. Ашуланып ұрысып алатынбыз. Мойындаймын оның мінезіне əрең шыдадым. Бірақ мінезі тез ашуланып тез тарқайды. Бір қарасам күліп жүріп, бірде ауа райы секілді құбылып кететін. Солай бір жылда өтті. Аяжан шет елге мені өзімен бірге алды. Ол жақта да қасындағы көмекшісі болдым. Барлық нəрсесін орындадым. Аудармашы да болдым. Солай жылына екі рет барған сайын қасына ит секілді салақтап жүретінмін. 

Тура 3 жыл қарамағында істеген соң Аяжан маған толықтай сенетін болды. Сол жылдары мен оның бұрын тұрмыста болып ажырасқанын білдім. Ол кезде мен оны танымағанмын. Қысқасы жасым 24 ке келгенде мен Аяжанға үйлендім. Жасы менен 4 жасқа үлкендігіне қарамадым. Қазір отбасы болғанымызға біраз жыл болды. Мен оның айғайына да үйреніп алғанмын. 

Осы қазір əжемнің батасын есіме түсірсем. Мен жолы болғыш адамын. Қиыншылықтың барлығы уақытша екенін түсіндім. Қаржылай жағдайымыз орташа, қарызға батып қиналған сəттерде болды. Мен сияқты қыздардың алдында ұялшақ адамдарға үйлену қиындау екенін білемін.  Біз сүймей қосылсақта. Бір бірімізге деген бауырмашылығымыз бар.

Психолог Жарқанаттың хатынан  

Психолгтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

«Аға, келіп тұрыңыз «скидка» жасаймыз» дейді...
Байдан қайтқан мені үш қызым бар болса да алған екінші күйеуіме әлі таңмын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу