7 жастағы қызды зорлап, өлтіріп, даладағы дәретханаға тастап кеткен

Oinet.kz 11-08-2023 1915

Осы парақшада шығарылған оқиғаларға көбісі сенбей, теріс пікір жазып жатады. Басында мен де сеніңкіремедім. Сосын есіме түсірейінші “Өзім өмірімде осындай оқиғаларды естідім бе?” деген ойға баттым. 12 жасыма дейін тұрған ауылымда ондай ешқандай қылмыстарды естімеппін. Одан кейін шағын қалаға көштік, 90 жылдар, жұмыссыздық, адам өлтіру, қарақшылық қылмыстары өршіп тұрды.

Screenshot_11.jpg

Қала шетіндегі кентте тұрдық, мектепке қалаға бұзылған үйлері бар шағын аудан арқылы жаяу барамыз, осылай мектеп бітірдім.

Облыс орталығындағы ЖОО-н бітіріп келіп Қадағалауды жүзеге асыратын органға жұмысқа кірдім. Бірде қаламыздағы түрмесінде отырған 86 жылғы, бандитизммен айналысып, адам өлтірген алматылық ұлты қазақ жас жігіт, 7 жасар қызды зорлап, өлтіріп, даладағы туалетке лақтырып тастаған орыс шалды орындықпен ұрып өлтіріп, тағы сотталып мерзім қосып алған болатын.

Бұдан басқа, есіме түскені, сол біз оқушы кезімізде жаяу өтетін бұзылған көп қабатты үйлердің ішінде 7-8 жасар мектептен келе жатқан қызды басы ауыратын бір жігіт ұстап алып зорлап өлтіргені туралы қылмыстық істі оқыған едім. Ол ауру адам бұған дейін де сол үйлердің қасында жүрген балаларға жыныс мүшесін көрсеткені айтылған еді.

Келесі, өзім сотына қатысқан қылмыстық іс 14-15 жастағы өгей қызын зорлаған адамға қатысты еді, олар тұрмысы нашар жатақханада тұрған, сотталушы өгей қызды шешесі жоқ та шанжырмен жылу трубасына байлап ұстап, еркінен тыс зорлаған екен. Алайда, өгей әкесі қыздың шешесімен келісіп, қамаудан шығып кетті. Сол кезде, әділдік жоқ, ешкім сенің жасыңа, әлсіздігіңе қарап аямайды, ақша үшін бәріне баратынын түсіндім.

Тағы бір есімде қалғаны, 5 қабаттан түнде құлап кеткен қыз туралы материал еді, ол қыз ол пәтерде жігіттердің зорлауынан қашқысы келіп секірген, Алла сақтап ағаштарға түсіп аман қалды. Бірақ анау жігіттерге полиция ештеме де істеген жоқ.

Бұл оқиғалардан 15 жылдай өтіп кетті. Жемқорлық басып алған мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайтынымды түсініп, шығып кеттім.

Осындай оқиғалар көптеп кездеседі, және кінәлілер көбіне құтылып кетіп жатады, елімізде заң дұрыс дамымаған деп ойлаймын. Сондықтан өзіміз балаларымызды, бауырларымызды қорғауымыз керек.

Байқағаным, арақ, нашар тұрмыс балаға дұрыс қарамау салдары осындай қылмыстарға әкеліп соғады екен.

Ата аналар психологтарға барып, болмаса кітап, интернеттен оқып бала тәрбиесіне үлкен мән берулері керек.

Балалармен көп сөйлесу керек, ұрып соқпай, ұрыспай, уақыт бөліп тәрбие беру керек.

Ұл балаларға 6-7 жастан жыныстық сауат беру керек деп ойлаймын, өйткені сол кезде олар ж.қатынас туралы бір бірінен сұрап қызыға бастайды. Тіпті ж.қатынасқа түскісі келуі де мүмкін, оларға үлкендер түсіндірмегендіктен,  айтпағандықтан ж.қатыныс ерте екенін түсінбейді.

Үлкендер айтпағаннан оларға өте қызық болады, білгісі, жасағысы келеді.

Ләззат ханымға үлкен алғыс айтқым келеді, үлкен қоғамдық жұмыс жасап жүрсіз.

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Көңілдестің шырмауынан шыға алмай жүрмін
Таяқпен жүретін жігіт душқа түсіп жатқанымызды видеоға түсірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу