Жап-жас қыз неге әкесімен жасты, оның үстіне бірнеше рет ажырасқан адамға тиді десек...

Oinet.kz 01-08-2023 4462

Көрші келіншек құмалақ ашатын. Адам емдейді, бал ашады, кейде дұғамен байлап та тастайды деп еститінбіз. Үйінен кісі арылған емес. Ол үйге, әсіресе, еріккен қыз-қырқын көп келетін. Көбінің сұрайтыны — «тұрмысқа қашан шығамыз?».

Screenshot_2.jpg

(фотоның материалға қатысы жоқ, ашық дереккөзден алдынды)

Күн төбеден ауғаннан бастап есік тоздырып, «Апай» деп қиылып тұрғандары. Қырықтан асқан көршіміз де ауру-сырқаулардан гөрі қыздардың жиі келгенін ұнататын.

Сондай мақсатпен келіп жүрген қыздардың бірін сыртынан танитынмын. Майра сол кездері мектепті жаңа бітіріп, жасы 18-ге келіп қалған қыз еді. Жүретін жігіті де бартын. Әскерге кеткен жігітін не жағдайда екен деп, көршімізге құрбыларымен бірге келді. Содан не керек, сол күннен бастап әлгі қыз көршінің үйінен шықпады. Күнде болмаса да, аптасына үш-төрт рет бас көрсетіп кетеді. Бір айтатыны, жас қыздың бұрынғыдай жадырап жүргенін көрмейтін болдық. Жүзі солғын, ілбіп басып, ала жаздай құдайы көршіміздің көлеңкесін тоздырып жүргені.

Бір күні «Майра тұрмысқа шығады екен» деген әңгіме шықты. Балалығымыз ба, тойға барамыз деп қуанып қалдық. Оның жігітінің үйі дәп біздің үйдің желкесінде. Тойға неге шақырмасын. Сөйтсек, Майра әскерде жүрген жігітін күте алмапты. Көршінің үйіне келіп жүрген жасы өзінен екі еседей үлкен, бұрын екі рет үйленген кісіге тұрмысқа шықпақшы. Ол кісі емделушілердің бірі болатын. Бір қолын аңға шыққанда атып алған. Содан ба, әлде өзінің мінезі ме, түсі суық адам еді. Майра осымен некелеседі дегенде қыз үйінен кеткенше сенбедік. Бір жарым жылдай уақыт өткен соң екеуі ажырасып тынды. Ажырасқаннан кейін бұрынғы қалпына түсті. Жайраңдап жүретін болды. Үлкендер жағы «дұғалап тастаған» дейді. Қыздың көңілсіз жүргені де сондықтан екен. Ажырасқан соң дұғаның күші қайтқанға ұқсайды.

Бұдан кейін де Ұлбала есімді қыздың дәл осындай жолмен тұрмысқа шыққанын естідік…

otarka.kz

21 жасымда жесір атанам деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті
Туған күн кешіне күлімдеп кіріп, жүзімізді жас жуып қайттық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу