Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Саламатсыздар ма! "Әйелдің жауы - әйел" деген рас сөз екен. Отау құрғанымызға 2 жылдан асты. Ортада бір ұлымыз бар. Мен келін бол түскен күннен қайын әпкем енемді, күйеуімді менен қызғанып, қырылыстырып қоятын еді.
(сурет ашық дереккөзден алынды, жазбаға қатысы жоқ)
Кейін күейуім қол көтеруді бастады. Бір көтергесін қайта-қайта жалғаса береді екен. Қайын әпкем үйі бөлек, күйі бөлек адам. Неге сонша араздастыруға құмар болады а? Ақыры аяғында күйеуім тағы қол көтеріп, міні ажырасып жатырмыз. Бәр үйдің аялап-мәпелеп өсірген жалғыз қызы едім. Бүгін міні білдей бір әулеттің қызының өмірін құртып отыр. Қашан ақыл кірер екен осы қайын әпкелерге? Күйеуіңмен, енеңмен сыйласып отырғаның неге керек? Сол сыйластықты құртып, іріткі салып отыратын осындай адамдар тұрғанда.
Ләззат, Атырау облысы