Анамның да, менің де, қызымның да тағыдырымыз оңбай қалған екен

Oinet.kz 15-07-2023 3632

Сәлеметсіз бе! Менде сізге ішімдегі шерді тарқатсам ба деп едім. Тым ұзақтау. Сериал боп кетема десем де, жазғым келіп тұр. Өзім Алматы облысында кішкентай ауыл тумасымын. Бала кезімнен есте қалғаны әке шешемнің арақ ішіп достарымен құдайдың құтты күні тойлатуы. Одан қалса ұрыс керіс, төбелес.

Screenshot_13.jpg

Мен 1 сынып оқитын кез еді. Мектеп ауылдан алыстау. Автобус жүретін еді, бірақ сол күні қар борап жүрмей қалды. Жалғыз жаяу келе жатқанымда папамның танысы, досы деуге келмейді, кезікті. Жүр үйіңе жеткізіп тастайын деді. Мен қуана кеттім, өйткені қорқып келе жатқам қасқыр шығама деп. Мені шеттеу бір жерге апарып бұтымды шешіп істерін істеді. Мен қаршадай болсамда есімде сол кез қалып қойыпты. Бірақ үйге қалай жеткенім, ары қарай не болғаны есімде жоқ.

Мен өте тұйық қыз болып өстім ешбір адаммен сөйлесіп дос болмаqтын едім. Сабаққа барам келем, жалғыз өзім тауға барып отыратынмын. Нешетүрлі тик дейді ғой, жыпылықтау, бетімді қозғалту дыбыс шығару дегендей көөп болатын. Осы қыздың нервысы дұрыс емес деп көршілер айтатын. Бірақ ата анам тарапынан ешқандай көңіл бөлу болған жоқ. Керісінше күнде таяқ жеу, шнурмен, оқтаумен ұратын. Болмашы нәрсеге таяқ жеп жүретінмін.

11 сынып оқитын кез келген. Мамама құрбылары сенің қызың біртүрлі ешкіммен араласпайды, ол ненормально деп үгіттеп анам үйге вечер жасап берді. Сол кезден жүріс тұрысым өзгере бастады. Арақ ішіп көрдім. Жігіттер ұсыныс жасап, өмір көңілді сияқты көріне бастады.

Мектепті бітіріп нағашы апкемнің үйіне оқуға бардым, сол жерде кешкісін тапшанда жатқам нағашы ағам келіп зорлай бастады. Үйде отырған адамдар бір шықпады. Мен кім екенімді біліп тұрсызба мен қарындасыңызбын ғой деп жылап едім, білем деп күліп, ойын іске асырды. Ақыр қыз емес екенсің ғой неге жылайсың деп мысқылдап. Дүние төңкеріліп түсті. Сол сәтте сол ағамның өзінен темекі сұрап тарттым. Бәрібір болып кетті. Жеңіл жүріске салындым. Бір жақсы жігіт кездесіп жүрдік, ерлі зайыптылар сияқты болдық. Бірақ ол ішкілікке салынып сен бедеусің, қанша уақыт өтсе де бала болмады, сен қыз болмадың деп тиісе берді. Маған жоғалтар ештеме жоқ, тастап кете бардым. Ақыры нешетүрлі нәрсе болды, енді тіпті бедеу екенмін маған ештеме керек емес болып қалды.

Группалас қыз үйге барып келейік деп алыс мекендегі ауылына ілестіріп алды. Сол күні ол жоғалып кетті. Ағасы іздеп келейік деп оның көлігімен іздеуге шығып оған да жем болдым. Тағы зорландым.

Қайтар кезде автобустағы балалармен келісіп бір топ жігітке тастап кетті. 6 адам жабылып кезек кезегімен зорлады. Менде ешқандай сезім қалмай қалды.

Содан кейін аяғымның ауырлағанын білдім. Өмірім астаң кестең. Қуанарымды не жыларымды білмеймін. Бірақ туам деп щештім. Аке шешем білгенде әкесі кім дегенде әлгі ауылдағы жігітті айта салдым қорыққаннан. Сомен соған үйлендірді. Бірақ отбасымыз быт шыт болды. Ішіп келіп ұрады, мен жасаған тамақты да ішпейді, тіпті бір дастарханға отырмайды. Өмірім тозақ болып бірде атам ауырып жатыр екен деп кетіп қалып бармай қойдым.

Қызым үшін өмір сүрем деп жұмыс жасап тып тыныш өмір сүріп жүргем, сол баяғы нағашы апкемнің үйіне қонаққа барып, қазіргі күйеуімді кездестірдім. Жаным күнім деп, асты үстіме түсіп, ешкім еркелетпегендей еркелетіп сыйлап тұратын. Ондайды көрмеген мен жіби түстім. Бір сәт жанынан шықпай қалдым. Үйленейік деді. Қызыңның әкесінің орнына аке болам өмір бойы аялап өтем деп бар сөзін айтып сомен үш айдың ішінде үйленіп кеттім.

Ауылға келдік ол алғашқы түні ақ қашып шығып кетті. Мен аң таң не болып қалды деп. Сойтсем оның қызыммен бірге тұру ойында да болмапты.

Бар туысына ол мені алдап қызы туралы айтпай тиіп алды деп жылап, мүлдем басқа адамға айналды. Алдында күйеуден шыққан енді аке шешеме қара бет болғым келмей қалдым.

Ол ойына келгенін жасады. Көрінген әйелмен жүріс қылды, онысы аздай ашықтан ашық жүрді. Миымды сөзбен ақ жеп қоятын. Елдің бәрі мақтайды сенің күйеуің қандай керемет, ішпейді, ұрмайды деп. Сырттай күліп іштей жылап тұрасың. Одан да ұрғаны жақсы, қорлығын көрсете аласың. Ал елдің көзінше періште болып былай шыққан соң жаныңды жегідей жесе қиын екен.

Жұмысқа шығармайды, тіпті түнде дәретханаға барым келсем де байыңа бардың, не бүлдірдің деп тиседі. Жоқ жерден бәле шығарып. Қызымды мамам өзі бақты. Байқұс қызым. Қызыңа жолаушы болма, деп анда санда көріп қалсам бетінен сүйгізбейді. Бірде үйге әкеліп едім қасымда болсын деп қорқытып, қинап аузыга тамақ тығып, жемейм десе де же же деп, зекіп, қызым түнімен температура беріп ауырып шықты. Не болса да аман болсыншы деп мамама жібердім. Оған кесірім тиіп кетпесін деп жоламайтын да сүймейтін де болдым. Сөйтіп жүріп 3 балалы болдым.

Әкесі, апкесі, өзі үшеуі де жек көріп жақтырмай отырады, айтпағаны жоқ болып. Бірақ кетем десем жібермейді, балаларды тастап кетесің дейді. Сол бала шағам үшін шыдап жүрдім. Енді тастағым келмейді. Өйткені туған анамның қолында өскен байқұс қызым да көрмеген қорлығы жоқ. Қолында тұратын інім мен келінім жетім, жалап деп кішкентай қызға тисе береді екен. Үйден қашып кетем деп ол байқұс та зорланыпты. Анама айттым. Оны да, менің золанғанымды да. Сойтсем ол бейбақ та көрмегені жоқ екен. Туған ағасы мамам мен сіңлісін кішкентайынан зорлап жүріпті. Айтсаң әкем өлтіреді сені деп қорқытып. Жүрегім езіліп кетті.

Қазір күйеуіммен тұрам. Сол баяғы әдетін қоймаған. Мені не жібермейді, не өзі кетпейді, бір әйел бар. Күйеуінен ажырасқан, 5 баласы бар соны сүйем деп кетеді. Түнде сол жерде күндіз үйде жатады.

Ажырасып ақ кеткім келеді, бірақ денсаулығым жоқ. Жасым қырыққа келмей зоб та, давления да, артрит та, климакс бүкілі бар. Алда жалда өліп кетсем бала шағама әкесі бас көз болар деген оймен жүрмін. Кіші қызымды ойлаймын. Сол жалғыз қалмаса екен, сол қорлық көрмесе екен, сол қызды аман есен ұясына қондырсам екен деймін.

Анам да менде намаз оқимыз. Бірақ күйеуім орамалыма қарсы, сүмірейіп жүресің деп жақтырмайды. Сол үшін ұрыс керіс.

Қанша Аллаға тапсырдым десем де өткеннің өкініші мен өткеннің жарасы жазылар емес.

Тұрақты түрде оқимын. Өтірік ертегі деген адамдарға айтарым кішкене жаныңыз ашысыншы. Ол балалық кезде болған зорлық менің бүкіл өміріме әсер етті. Менде еркелеп мәпелеп өскен қыз болсам сол жағдайдың бірі де болмас еді, мүмкін.

Тағы ұмытып кетіппін жазуға. Сол 7-8 жасымда әкемнің достары үйде арақ ішіп отырған. Бәрі далаға шығып кетіп біреуі қалып қойды, үйге бірдеме іздеп кірген бе едім есімде жоқ, кел бірдеме тауып алдым деді, қасына барып едім диванның қуысына қолымды тығып жіберіп мүшесін ұстатып қойды.Сол кезде анам шақырып қалып жүгіріп қашып кеттім. Осындай жазылмай кеткен қанша нәрсе бар. Жаза берсем шыға береді. Қыздарыңызды мұқият қараңыз, ешқайда қондырмаңыздар да. Тіпті туғаным, досым деген адамға сенбеңіздер.

Ләззат ханым сізге рахмет. Осы парақшаны оқығалы жаралы жүрегім қан жылап жүр, бірақ алдын алу үшін керек парақша. Кім не десе де жаппаңызшы. Мен сияқты бейбақтар көп. Жазып отырып өксіп жылап алдым, ішімдегіні айтатын адамымда да жоқ қиын маған.

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

«Сенің күйеуің альфонс қой, бай әйелдердің әдемі ойыншығы» дейді
Әпкем мен жездем айрандай төгілгелі тұрған абыройымды сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу