Еркектерге не жетпейді осы?

Oinet.kz 02-12-2022 2246

Мен оңтүстіктің қызымын 2 жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмыс істеп, 25 жасымда батысқа келін атандым. Міне, отау құрғанымызға 3 жылға қарады, Аллаға шүкір, 2 жасар ұлымыз бар.

Screenshot_2.jpg

Сіздерге айтпағым, менің жолдасымның қылықтары. Үйленгелі бір таусылмайтын қыдырыс. Мінезі өте ауыр, адаммен ашылып сөйлеспейді де. Басында қояр деп мән бермей жүргем, уақыт өте келе қиналып кеттім. Үйге қонбастан жүре береді. Мен үйде баламен соны күтумен отырамын. Үйдегі жағдайға келсек, үйіміз бар, енеммен бірге тұрамыз, атамыз қайтыс болған. Мен үйден тамақтар пісіріп, дүкендерге өткіземін және сұлулық курстарын бітіріп алып, үйде жұмыс істеп жүрмін. Іс тігетін де кездерім бар. Апта сайын фитнес залға да барамын. Өз-өзіме көңіл бөлмеген кезім болмаған. Енеммен арамыз жақсы.

Күйеуім тек қыдырғанды жақсы көреді, телефонын өшіріп тастайды да жүре береді. Маған да, баласына да назар аудармайды. Кешке дейін сәнденіп күтіп жүресің, ал ол болса бір жылы сөз айтпайды. Сөйлесейік, қыдырайық десем шаршап жатырмын деп қасына жолатпайды. Мен жалғыздықтан қажыдым, бұл қалада бір жақыным жоқ шерімді тарқататын. Бар тапқан ақшасын далаға шашып келеді, маған ақша да бермейді өзің тауып жатсың ғой деп. Күнде кешке есікке қарап телміріп отырамыз, ол келсе келді, келмесе ертеңіне бір келеді. Бір рет те үйіме кетіп қалған емеспін, арамыз суып кетер деп шыдап келем. Ешқайда апармайды, не ешқайда шығармайды. Еркекті алдап сөйлеу керек дегенге тек күліп сөйлеуге тырысам, бірақ бір қабағы ашылмайды. Барлық жағдайын жасаймын, артық сөйлей алмаймын, бірдеңе десем ұрып жібереді де, далаға қарай қаша жөнеледі. Екі күннің бірінде ішеді де жүреді. "Маған не қояр кінәң бар" десем, "ешқандай бірақ мен қыдыруымды, ішуімді қоя алмаймын дейді. Шынымды айтсам, әйел болғасын еріңнен жылулықты күтеді екенсің, ал мен күнде кешке жылаумен өткізем. Жүйкем жұқарған. Балам бар соған шүкіршілік етем. Жас кезімізде мындай болып жатыр, ертең қартайғанда қалай болар екен деген сұрақ мазалайды. Жан жарыңмен қол ұстасып бірге жүрмегесін, не бір жылы сөз естімегесін оның несі жанұя? Міне, бүгін де жоқ, телефонын көтермейді. Жылап, жылап баламның да мазасы кетеді. Негізі жанұядағы нәрсені айтуға болмайды дейді ғой, бірақ менің ішеме сияр емес.Үйдегі жағдайды өз ата-анама да айта алмаймын, уайымға салғым келмейді. Өзім жылына бір рет қана бара алам туған жеріме. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мұндай жағдай сіздердің бастарыныздан өтпеді ме? Қалай күресуге болады. Өзімді кереметпін деп айтпаймын, менің де кемдеу жерім бар шығар, тек бір мақтанатыным осының барлығына төзіп, шаңырағымды шайқалтпай отырғаным. Талай қыздармен де ұстаған кезім болды. Кешірдім. Баламды әкесіз өсіруден қорқамын. Айналысып отырған кәсібім де, көлігім де бар, бірақ күйеуімді қимаймын

Alashainasy.kz

Баламды өз еркіммен перзентханаға тастап кеттім
Құрбым өмірімде бір болатын тойымның шырқын бұзып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу