Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен орысша оқыдым. Жасым 20-да, мектеп бітірген соң колледжге түстім. Ата-анамның үмітін ақтап грант алдым. Сабағым жақсы болды. Оқып жүріп, құрбыларыммен қыдырып, көңіл көтеруге де үлгердім. Сөйтіп жүріп бес жыл әлеуметтік желіде танысып, сөйлесіп, екі күн көрген жігітке тұрмысқа шықтым.
Ол кезде бірінші курсты бітіргем. Кездескен күні ол мені алып қашты. Салт-дәстүрден, ата-анамның абыройы үшін сол босағада қалдым. Ең басында бәрі жақсы болды. Үйдің кенже ұлы екен күйеуім. Той болды, бәрі бастапқыда жақсы көрінді. Үйде ата-енем, аға-жеңгесі және біз тұрдық.
Үйде тамақ істеп, келіндік міндетімді атқарамын. Сосын сабағыма барамын. 2 курста сабақ қиын болатыны белгілі ғой. Кейде кешкі сағат 6-дан кейін кітапханада қалып, ертеңгі сабағыма дайындаламын. Дайындалмасам нашар баға аламын. Сонда үйдегілер телефон соғып, әбден ұрсады.
Әйтеуір бәріне үлгердім. Енем оқымаған адам болған соң, менің сабақ оқып жүргенімді мүлде түсінбейтін. Үйде сабақ оқып отырсам енем қасыма келіп айқайлай береді. "Не болды сонша кітапқа үңіліп, оқымысты болайын дедің бе" деп ашуыма тиеді. Оған кітап оқып, сабаққа дайындалу - түк маңызы жоқ нәрсе секілді көрінеді. Оның ойынша қыз баласы - үй жинап, бала туып, үйде отыру керек.
Ақыры шыдау мүмкін болмады. Күнде ұрыс-керіс болып, шыдау мүмкін болмай кетті де, екі айдан соң төркініме қайттым.
Үйге келген соң қатты ауырдым. Дәрігерлер диогнозымды қоя алмай біраз қиналдым. Ал мен күнен күнге әлсірей бердім. Мына өмірден түңіліп кеттім. Бірақ, шықпаған жанға себепші деп бір емші апайға барып, енемнің дуа жасағанын білдім. Ол оқып, қайтарып көзім ашылды.
Енді бес айдай болып қалды. Бір жігіт ұсыныс жасап, жүр. Тіпті той жасаймын дейді. Құда түсіп, сырға салып, қазақтың дәстүрімен үйленгісі келетінін айтты. Ата-анам да қарсы емес.
Енді сұрайын дегенім, бұрын беті ашылған қызға, қайтадан беташар жасаған дұрыс па? Артық сөз жазбаңдаршы өтінемін.