Жездем арам ойын іске асырмақ болды

Oinet.kz 29-09-2022 3201

Мен сіздерге бір жай туралы айтқым келеді. Қазір қалада колледжде оқудамын. Әпкеммен және жездеммен тұрамын. Олардың екі тамаша балалары бар. Осы уақытқа дейін бәрі керемет болатын.

Screenshot_3.jpg

Бірақ, кеше түнде әпкем екі баласын алып құрбысының үйіне қонуға кеткен. Түнде ұйықтап жатқанда біреу қасыма жатып, белімнен құшақтағанын сезіп, ұйқысырап, жиенім шығар дей ойлап жата бердім.

Одан кейін менің иығымнан сүйіп, және қолын төмен түсіре бастады. Сол кезде жиендерімнің үйде жоқ екені есіме түсіп атып тұрдым. Сөйтсем шынында да жездем екен. "Тиіспеңіз!",- деп итеріп жіберіп, басқа бөлмеге барып жатқанмын. Артымнан қайтадан келді. Тағы да одан қашып ваннаға кіріп есікті жауып таңға дейін сонда отырдым. Таңертең колледжге бару үшін шығуға тура келді. Шыққан бетте төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды, себебі жездем жерде отыр екен, есікке қарап. Мені көріп атып тұрып кешірім сұрай бастады. "Әпкеңе айтпашы" деп жалынды. Мен"жақсы" деп құтылғандай болдым. Бірақ әлі де есеңгіреп отырмын. Мұнда жазып отырған себебім басқа ешкімге айта алмаймын, ішімдегіні шығарып ұмытқым келді.

Асем

Әйелім бола тұра өзге қызды шын сүйіп қалдым
Күйеуім тырнағыма ине тағып қинайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу