Сол кезде-ақ әкемнің ол қызға көңілі бұрғанын сездім

Oinet.kz 26-09-2022 3211

Әкем мен анамның отау құрғандарына жиырма бес жыл болды. Бір қарағанда жұрт қызығатын жұп еді. Алайда әкемнің адам сенгісіз қылығы бәрін өзгертті. Бір-ақ күнде өміріміздің тас-талқаны шықты.

Screenshot_7.jpg

Ата-анам бір жыл бұрын несиеге төрт бөлмелі үй сатып алған еді. Бір бөлмесі бос тұрған соң квартирант жалдап, соның ақшасымен үйдің азды-көпті шығындарын жаппақ болған. Сөйтіп, анам тұрмыс құрмаған, жасы 30-дан асқан бір сылқымды тауыпты.

Әлгі қыз үйімізге келгенде жүрегім секем алған еді. Өзі жеңіл ойлы, жеңіл жүрісті қызға ұқсады. Анам екеуі келісіп қойған соң, араға кіріп бірдеңе деуге де кеш еді. Біраз уақыттан кейін әкем екеуінің ас бөлмесінде жиі отыратынын байқай бастадым. Әдетте дастархан басына әрең келетін әкемді ас үйден шығара алмай қойдық. Аяқ асты шайқор бола қалыпты. Тіпті, отбасымызбен түстеніп отырғанда да сол қызды әңгіме етіп, жүрген жерінде есімін аузынан түсірмейтін болды.

Сол кезде-ақ әкемнің ол қызға көңілі бұрғанын сездім. Онымен бұл туралы сөйлесуге дауаламаған едім. Бір күні оқудан үйге келсем анам үйде шырылдап жылап отыр екен. Сөйтсем жұмыстан әдеттегіден ерте келіп, әкемді сол квартирант қызбен ұстап алған екен. Екеуі оңашада бөлме ішінде аймаласып жатыпты. Анам үйде жанжал шығарып әкем мен көңілдесін үйден қуып шығыпты. Екеуінің арасында бірдеңе болып жүргенін сезсем де, мұндай шындықты естуге дайын емес едім. Аспан айналып жерге түскендей алай-дүлей күй кештім. Ол оқиғадан кейін аз ғана уақыт өтті. Анам әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Естуімізше, әкем қазір ол қызбен қатынасын үзіпті. Десе де, анам оның опасыздығын кешіре алмады. Кешірмейтін де сияқты…

Жас босанған әйелім мезі етті
Күйеуімнің әріптес қыздары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу