Ажырасып кеткен құдағимымнан ұяламын

Oinet.kz 27-08-2022

Бұл туралы ешкімге айта алмағандықтан, сіздерге жазып отырмын. Бәлкім, менікі дұрыс емес шығар. Сіздердің кеңестеріңіз керек. Түсінікті болу үшін бастан айтайын.

Screenshot_6.jpg

Мен жалғыз ұлымды үйлендіріп, шаңырағымызға келін түсірдік. Күйеуім екеуміз күні-түні жұмыс істеп, балаларымызды өзгелерден кем етпей, оқытып, өсірдік. Қыздарды құтты ұясына қондырып, кенже жалғыз ұлымды биыл үйлендіріп, дүбірлетіп той жасадық. Жалпы, келінім жақсы. Бірақ құдағиымды қабылдай алмадым.

Құдағиым жас кезінде ерте тұрмысқа шығып, жалғыз қызымен ажырасып кеткен. Сосын қайта тұрмыс құрмапты. Бұрындары мұндай адамдарды енем «адамға жұғымы жоқ» деп айтатын. Қалай киініп, адамдардың ортасында өзің қалай ұстау керектігін білмейді. 

Жалғыз қызының тойы емес пе, әдемі көйлек киіп келсе болады ғой. Жоқ, жас қыздар секілді келте көйлек киіп келіпті. Тойда үлкен кісілер бар, жұрттың бәрінін назары өзіңде болатынын білмей ма? Қатты ашуландым. Абысындарым да отқа май шашқандай «құдағиың не киіп алған, ұят-ай» деп бетіме басып отыр. 

Тост сөйлегенде міңгірлеп, өз-өзінен күліп, не айтарын білмей тұрған соң асаба сөз кезегін маған бере салды. Жалғыз қызының тойында сөз сөйлейтіні біледі, неге дайындалып келмейді. Тойда сыр білдірмеуге тырысқаныммен, бірақ қатты ренжідім. 

Жақында абысыным құдағиымыз үйді көрсін деп қонаққа шақырды. Күйеуім, құдағиым үшеуміз бардық. Келінім жақтырмай жүргенімді білді-ау деймін, әдемі көйлек кигізіп қойыпты. Ал енді дастархан басында отырмыз құдағиым телефонмен сөйлесіп, айқайлап күліп отыр. Бәріміз бірқилы болып қалдық. Адамдардың бәрі құдағиымның жағдайын жасап, сонын қас-қабығына қарап отырса, ал оның істеп отырған тірлігі мынау. Ұяттан кірерге жер таппай қалдым. Абысындарым бір-бірімен сыбырласып, кекетіп күліп отырағын жаныма қатты тиді.  

Бұл қашанға дейін жалғасады екен?! Бір жиынға құдағиымды ертіп баруға ұяламын. 

Көңілдес көршілерге айналдық
Өзімнен 35 жасқа үлкен ер азаматпен көңіл қостым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу