Жігітімнің көз жасына қалып бақытсыз болып қалдым

Oinet.kz 20-09-2022 3800

Колледжде 2- ші курс оқып жүрген кезіміз. Өзімнің  сөйлесіп жүрген жігітім болды. Содан колледжде бір баланы сол  жігітіме  ұқсатқан  едім. Ол өте тәртібі  нашар болатын. Бір күні қолы сынса, бір күні басын жаратын. Әйтеуір тыныш жүре алмайтын. Мен күлетін едім, бір күні жоқ болып кетпесең болар деп. Бір күні дос қыздарыммен «вечерге» бардым. Екеуміз кәдімгідей ашық жүре бастадық. Бірақ апайлардың бәрі онымен сөйлескеніме  қарсы болды.

Screenshot_1.jpg

Ол апасымен таныстырып оқуларыңды бітіргесін үйлендірем деп қойған.Екеуміз той томалаққа бірге баратынбыз. Ол әке-шешесінен ерте  айырылып  нағашы апасының  қолында тұратын. Орал қаласында.Оның маған  үйленгісі  келетінін  үнемі  айтатын.

Жас қыз болғасын екі жігітпен сөйлесетінмін. Содан ауылда тұратын жігітім басқа біреумен сөйлесіп жүргенімді есітіп ойда жоқта алып қашты. Мен оны сүймесем де балалық па, әлде қызық болды ма, әйтеуір сол елде келін болып қалдым.

Қаладағы жігітім артымнан іздеп келді. Бірге кетейік, сенсіз өмір сүре алмаймын деп жылады. Ішім  өрт болып жанып барады. Енді ол өрт сөнбей, мен өмірге қайта келе алмаймын деп тізерлеп отырып көз жасын төккен. Бірақ мен ұят болады деп кетуден бас тартып, сол үйде  қала бердім. Арадан бір айдай уақыт өткесін оқуыма  оралдым. Мені көргенде Аслан жақтырмайтындай түр танытып тыжырына қалатын. Бір күні дос қызыма: "Жерде жетім жыласа, көкте періште жылайды" деген. Мен оның бағы ашылмасын деп тілеймін!" деп сәлем айтып жіберіпті. Мен ол кезде мән бермедім.

Бірақ  арадан біраз уақыт өтіп, қарғысы дәл келді-ау деп ойлаймын. Біріншіме аяғым ауыр кезімде жолдасым жол апатынан қайтыс болды. Енді айтайын дегенім, жетімнің көз жасы жібермейді деген осы екен. Сіңлілеріме сабақ болсын деген ниетпен жазып отырмын. Кінәлай көрмеңіздер.

Айнұр,

Батыс Қазақстан облысы

Жалдамалы пәтердегі қорқынышты мақұлық жас қызды естен тандырды
Күйеуім сіңлімді екінші жары етіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу