Болашақ күйеуімнің үйленіп кеткенін қалай айтарымды білмеймін

Oinet.kz 19-08-2022 7347

Адам бір адамды қатты сүйсе, содан өзге ешкім көзіне көрінбейді деген рас сияқты. Екі жыл бойы адамды алдап, екі жыл бойы мені босқа үміттендіріп кете барды. Қазір маған бəрі мəнсіз.

Screenshot_4.jpg

Сүйген жігітім үшін екі бірдей кредит алып бердім. Ағаларыма айтып жұмысқа тұрғыздым. Ата-анаммен таныстырдым. Жасым жиырма тоғызға келгенде лақтырылған бір түрлі сезімді бастан кешу қиын болып жатыр. Менің жайымнан құлағдар болған  құрбыларым күнде қоңырау шалып, телефонға байыз таптырар емес. Көрген адамның бəрінің бір сұрақты қоятынынан қажыдым. Көңілімде жек көрушілік сезімі сəт сайын үдеп барады. Не істесем дұрыс?

Ата-анаммен таныстырғанда алғашында оны жақтыра қоймаса да, менің көңілім үшін, өзің бақытты болсаң болды, содан басқа ешкім көзіңе көрінбейді ғой осы күні деген. Ұзатамыз деп тойға дайындалып, жасауымды анам қуана жүріп жасауға кірісіп те кеткен болатын.

Енді оның үйленіп кеткенін қалай айтарымды да білмеймін. Бар ойы менің бақытымда болып, тек бақытты болсаңдар болды деп, анау-мынау кемшіліктерінің бәріне көз жұма қараған. Тапталған сенім, үкілеген үміт, болашаққа деген сезім бәрі бір күнде қираған сияқты. Жігіттің соңы ма дейді бір құрбым. Әлі-ақ өз бақытыңды табасың дейді екіншісі. Бірақ...мен үшін бір-ақ адам барын, олсыз өмірімнің мәні жоғын түсіндіре алар емеспін. Екі жыл жүріп, ешбір себепсіз, үнсіз үйленіп алғаны да түс сияқты. Жаным жаурап кетті. Сенімім жоғалды ...

Назгүл

Мен жұмыстамын, ал күйеуім тамақ істеп күтіп отырады
Өз бойымдағы белгісіз қасиет, маған қастандық қылғандарды қазаға душар етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу