Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жұрт сыйлайтын бір апа өмірден өткен еді. Күйеуін бір адамдай-ақ құрметтеген, 6 ұл, 3 қыз туған, қылтың-сылтыңы жоқ кісі болатын. Бір ғана «ерекше» мінезі бар-тын. Ашуланса, біреуге ренжісе, өз көңіліндегідей болмаса, жүрегі ауырып, «талып» қалатын.
Құдайға шүкір ұл-қыз бар ғой, бәрі жабыла кетіп аяқ-қолын уқалап, табандарын сипалап, шәй қайнатым уақытта, «есін» жиғызып алатын. Бұл негізі, ол кісінің ауыруы емес, отбасында айтқанын жасату үшін ойлап тапқан, өзінен өзге ешкім «білмейтін», айласы болатын! Шынында да байы, бала-шағасы, тіпті жақын көрші, туыстары да, ол кісінінің сондай «ауыруы» бар деп, айтқанын жасайтын.
Ертеректе менде ол кісінің сондай бір «талып түскеніне» куә болып қалдым. (Сонда білдім) Сөйтсем, қонақ келгенде келіні енесінің қолына: «Қарай тұрыңызшы» деп, немересін беріп кетсе, ол енді ғана отыра бастаған сәби екен, әжесінің етегіне сиіп қойыпты. «Талып» қалудың себебі осы екен! Мен ол кісіні бұрыннан танитынмын. Сәбилерге, қуыршақтай қыз балаға да еміреніп, сүю, иіскеу дегенді білмейтін. Қолына алмайтын. Онысын «Сұғым бар, көзім тиіп қалады» деп, айтатын. Той-томалақта, қыдырғанда немерелерін ерітіп те жүрмейтін.
Ол апа байы, бала-шағасы, тіпті немере, сырттан келген келіндерінде «ашса алақынында, жұмса жұдырығында» ұстады. Обалы нешік, Ананың жүрегі тоқтап қалмасын деген ұл мен қыз жіптіктей болып жетілді. Келген келін де, туылған немере де сол жолмен жүрді. Сырт көздің қызығатыны соншалық, ол үйде не жанжал, не келіспеушілік болмайтын. Үлкені не айтады, кішісіне сол - заң! Бірліктерін айтсаңшы: қуанышты, өкінішті жағдайдың бәрінде тәртіп - әскердегідей! Қараңызшы, қандай керемет, ұйысқан, өте жарасымды, бір ауыл емес, бүіл елге үлгі болатын-ақ отбасы! Әттең...
Мен кейде Құдайды түсінбеймін... Сол отбасының шырқын «бұзған» Құдайдың өзі болды! Төрт баласы да, 50 жастан аса бере, ауырмай-сырқамай, сап-сау күйде, жүректері тоқтап қалып, өз кезегімен өмірден оза берді. Бір баласы хабар-ошарсыз кетті. 6 ұлдың ішіндегі өз күнін зорға көріп жүрген ең нашары мен қыздары аман қалды.
Кезіндегі «патшайым», сәби немересінің сідігінен жиіркеніп, «талып» қалатын әздек кемпір, Құдайдың жіберген бұл қасіретінен қатты жүдеді. Жүрек «талмасы» жазылып, енді өзі кіші-үлкен дәретін ұстай алмайтын шын кеселге душар болды. Орнына тышып-сиіп өмір кешті. Памперспен жүріп, 90-нан асып өлді.Бала кеткесін кешегі жақсы келіндер өзгерді. Немерелерде кезінде өздерінен жиіркенген әжесіне онша жақын болмай шықты. Бәлкім шешелерінен көп әңгіме есіткен де болар. Үш қыз кезектесіп келіп, 5-10 күн қарағанмен бола ма, байғұс кемпір, соңында әбден алжасып, өз боғына өзі малынып өліпті!
Бұл, байының «көзіне шөп салмаса» да, кесепаттық жасаған қатын тағдыры еді! Қатын кесепаты ішінен шыққан өз ұрпағының маңдайына тиетін оқ екен! Мұны білген ата-бабаларымыз: «қатынның кесепаты - қырық нарға жүк» деген. .
Бұл мен өзім білетін, бүкіл бір ауылдың адамдары көрген, болған оқиға.
Қатын кесепаты деген не? Ол - салт-дәстүрімізге жат қылықтың бәрі! Мәселен, қазақта «әйел адам ересегі түгілі, ер баланың да киімінен аттап кетуге болмайды» деген ұғым бар. Осы былай қарасаң, болмашы ғана, түгі де жоқ, әншейін тиым сияқты. Ал ойланып қарасаң - бұл тиымды елемеу - түбінде ұлтты жоятын қылық!