Қазбек Құттымұратұлы. «АДАСҚАН ҰЛДЫҢ ОРАЛУЫ»

Oinet.kz 03-10-2018 792

Жым-жырт түнде жолға жалғыз түсіп ем, 

Сауға мас боп, масқа сау боп көрініп. 

Бір нұр көріп жүрегімнің ішінен 

Дүниеәуи қызықтардан безініп. 


Кетіп едім. Өткен елес қалды әрең. 

Әлдеқайдан құйылады кеудеме үн. 

Мен Құдайды көкте ғой деп ойлап ем, 

Жүрегімде жүр екен-ау Ол менің. 


Адаспаймын. Жүріп келем бетке алып, 

Құдайымның жыр оқыған күбірін. 

Әр сөзінен көр көзіме от дарып 

Ерінімде қайталанды үзік үн. 


Үнсіздіктің дауысынан күй естіп, 

Үзік үнім өрлі әуенге айналды. 

Мұң мен Зарға майдан аштым күрес қып, 

Топырағын көкке ұшырдым жалғанның. 


Сенен басқа сүйгенім жоқ, жан – куә, 

Жеңдім барлық қорқынышын қатердің. 

О, Құдайым, келіп тұрмын алдыңа- 

Не жазасың?! Маңдайымды әкелдім… 

Қазбек Құттымұратұлы. «Саясатыңмен бірге...»
Қазбек Құттымұратұлы. «ӨЗІМ ЖӘНЕ ӨЗГЕ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу