Ермұрат Зейіпхан. «Ойың, қайдам, түзiк пе, әлде, бұзық па»

Oinet.kz 23-09-2018 774

Ойың, қайдам, түзiк пе, әлде, бұзық па,  

Оқып көршi маңдайыңа сызып па.  

Өлеңiме құмар бола бер, қалқам,  

Өмiрiме қызықпашы-ай, қызықпа.  


Ақындағы басқа тiлек, басқа үмiт,  

Тұрса дейдi ол тастан-дағы жас тамып.  

Ғұмырыңды байлама сен оларға,  

Жатсаң мейлi жыр кiтабын жастанып. 


Оны дағы, өзiңдi де қор қылма,  

Оның жөнi, оның жолы өр-қырда.  

Барады әне, құлады әне, өлдi-ау деп,  

Тебiрен де отыра бер орныңда.  


Өзiм жайлы тым-тым қатал кеттiм бе?!  

Боталатпа жанарыңды тек мүлде. 

Менi ұмыт, ұмыту үшiн бара ғой –  

Той боп жатыр анау тұрған шеткi үйде.

Ермұрат Зейіпхан. «Құмарлықтан түйiнделген екенмiн»
Ермұрат Зейіпхан. «141-бөлме»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу