Ермұрат Зейіпхан. «Алакөл»

Oinet.kz 23-09-2018 788

(Найманғалиға)

Атың жетсе шарла қала, дала көр,

Бiрақ, қайда, мекенiңдей дара жер.

Өз-өзiнен қызғанатын қазекем,

Өзгелердiң көзқұрты ғой - Алакөл.

 

Нәр-тамырын жырламаса өлең бе ол,

Тұру керек қай-қашанда төбеңде ел!

Бұл Алакөл - бұла мiнезi ерлердiң,

Бұл Алакөл - ең таза, ең терең көл.

 

Барлық мұнда, Жоңғар Алатауы бар,

Беу, Барқытбел - сен деп көңiл ауырар...

Қабанбайдың терi, демi сiңген жер,

Төңiректен iзiн, балам, тауып ал.

 

Шыңғыс хан да мұнда малып кекiлiн,

Аялдапты жетi ай ма, жетi күн...

Ғарышкерлер зымыраннан түсе сап,

Көл нәрiмен толтырар кем-кетiгiн.

 

Ар жағы Арал, Көктұма ғой бiз жағы,

Көктұманың кетер ме естен тұз-дәмi...

Шiлде, тамыз - осында жүр, осында,

Шартараптың ең әдемi қыздары.

 

Ар ғой бұл көл - 

Таптатады арын кiм?!

Айбалтаңмын, қарыңа елiм тағынғын!

Мұнда туып, өспесем де, бағызы -

Исiн сезем, шiркiн, бабаларымның.

Ермұрат Зейіпхан. «Босау үшiн санадағы әлектен»
Ермұрат Зейіпхан. «Медеу, бөген, жақтауда...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу