Ермұрат Зейіпхан. «Тоқтай көрме, жүрегім, тоқтай көрме»
Қаңтар туған жанымды оттай көр де,
Тоқтай көрме жүрегiм, тоқтай көрме.
Iңiр реңдес тәнiмдi тастамағын,
Менен басқа жоқтай көк, жоқтай жер де.
Бүлкiлдетiп Ананың әз құрсағын,
Өмiр деп дүрсiл қаққан сол бiр сарын -
Мың құбылған дүние,
Дүр жалғанмен
Тiнi бiр - бағы өртеп, тоңдырса мұң.
Тiрлiктi бөлеп ызғар, мол жалынға,
Жүрегiң - күн секiлдi, ол жануда.
Кеудемнiң оң жағы емес, ортасы емес,
Сыр бар-ау, орныққаны сол жағында.
Сен менi бiр бұйырған бақтай көр де -
Тоқтай көрме, жүрегiм, тоқтай көрме.