Бақытгүл Бабаш. «АРЗУ»

Oinet.kz 18-09-2018 1051

MILANA-STUDIO_100-640x480@2x.jpg

(Бақытгүл Алшынға)

Ақ қар кешіп келемін. Көңілімде - қара мұң.

Мұң да қара боларын кімге ұқтыра аламын?


Безірейген дүние-ай, тұрсың неге түнеріп?

Қар астынан бүр жарған біз Бақыттың Гүлі едік.


Ақ сезімнен жаралған Гүл едік біз болғаны,

Сізді елең етпей ме жүрегіміз тоңғаны?


Талқысына тағдырдың күлтемізді қалдырып,

Сізден мейір күтумен шаршады Арман, талды Үміт.


Тар маңдайға тап болған Сорымызды қарашы -

Күллі адамды көзге ілмей, Ақын сүйдік адасып.


Ақын сүйіп, бақытқа жетіп еді жерде кім?

Бір тамшы у тамызшы, у тамызшы, шөлдедім.


Ей, безбүйрек дүние...

Бақытгүл Бабаш. «Кімге керек жанарым жас төккені?»
Бақытгүл Бабаш. «Сізді неге сағынады екенмін?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу