Батырхан Сәрсенхан. «Көктас шеберханасы»

Oinet.kz 18-09-2018 1436

7aec3dc356e863efb4d9cd370702d274.jpg

Мәрмәрді қашап,сәбиге,

Жылайды зергер,

Қай жерден қалай от басты?

Мұңын да шағып айта алмай кетті-ау,фәниге,

Жасамашы аға, көк тасты.


Ажалын күткен сақалын әрлеп бояумен,

Адамдар қандай жетесіз!

Туыла сала құлпытас жасап қояр ме ең,

Өлмейтіндер ше,

Өлмейтіндерді не етесіз?!


Тілегін жолдап тамұқтағы елден,

Жүрегін жұлып халыққа берген.

Сыймайтын рухы табытқа мүлдем,

Қырандай көкте қалықтап өлген,

Қабыландарды қайтесіз?!


Күшіген ойлар, ісіген кеуде,

Ілесіп Ардың түсіне ергенге.

Шешесін тілдер шоқ басса,

Айналсын солар, көк тасқа!


Сұқтана қарап ала көздері,

Мына шал еске салады өзгені.

Ақынға мұның, керегі қанша,

Қаламмен қашап алады өздері.

Батырхан Сәрсенхан. «Жынды су»
Батырхан Сәрсенхан. «Кім кінәлі?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу