Батырхан Сәрсенхан. «Мен өлең оқығанда..»

Oinet.kz 18-09-2018 1912

7aec3dc356e863efb4d9cd370702d274.jpg

Мен  өлең оқығанда,

Жанардан жөңкіп-жөңкіп жыл ұшады,

Саудагерлер,

Бітпеген жұмысы әлі.

Асығады,

тек қолсыз зағип кісі,

Шапалақпен сыйлауға тырысады!


Мен өлең оқығанда,

Жас ақындар тіс қайрап, қалам ұштап,

Қыз бозбала төменге қарағыштап,

Жанында теңіз толқып, көл де терлеп,

Жырдағы періште ару мен бе екен деп,

Қалғаны-ай,

дағдыланып жол тосуға,

Күлуменен жылаудың ортасында.


Мен өлең оқығанда,

Бірі кетіп ақ залда бірі қалып,

Жаңғырып-ақ жатады жырым анық.

Тұрады, бір әжетай сұм соғыста,

Жарының соңғы берген гүлін алып.


Сұлу көркің бергісіз қызға сенің,

Деймін де, ол ойымнан жүз көшемін.

Әжемнің тыныштығын бұзбағанда,

Әлемнің тыныштығын бұзбас едім!

Біржан сал Қожағұлұлы. «Ақсеркеш»
Батырхан Сәрсенхан. «Жынды су»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу