Әбілдә Тәжібаев. «Отарбада»

Oinet.kz 16-09-2018 1099

Бейне перне тізілген,

Шпал қалай көп еді,

Шегіндей домбыра

Рельстер күй төгеді.

Басып перне күй гулеп,

Міне отарба жөнеді.

Қазақстан ән-жырын

Өрге тартып келеді.

Жүйрік болат паровоз

Мені де өрге тартады,

Шайқап жарық вагондар,

Бойда қуат артады.

Терезеден қараймын,

Дөңгелейді айналам.

Қандай жүйрік отарбам,

Қандай қызық заманам!

Әбілдә Тәжібаев. «Ыбырай»
Әбілдә Тәжібаев. «Жаңбыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу