Мұқағали Мақатаев. «Сабырханға»

Oinet.kz 29-08-2019 1209

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,

Іздеген жан біздерді табар ма екен?

Адасармыз, адассақ, қарамай-ақ

Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ.

Қасиеттеп, қадірлі жерімізді,

Қалдырайық,басайық мөрімізді.

Әуестемей әлдекім салған ізді,

Өзімізше сызайық таңбамызды.

Адасармыз мықтаса құм шағылда,

Тынығармыз Қызылқұм құрсағында.

Тек ізіміз...

Ізіміз өшпесе екен,

Құйын тұрып,құм басып, көшпесе екен.

Өшсе, өшер,өшкенге қарамай-ақ

Қызылқұмды кезейік жалаң аяқ.

Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,

Іздеген жан біздерді табар ма екен?..

Мұқағали Мақатаев. «Тілектеске»
Шалкиіз жырау өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу