Фантастика жанрының жампозы
Түркістан облысында көп адам қалам тербей бермейтін фантастика жанрын жандандырып жүрген жазушы бар. Ақын һәм жазушы. Балалр әдебиетіне үлес қосып жүрген таланнтты тұлға – Сарманбай Исақ. Облыс көлемінде ғана емес, республика аумағында өзін де, шығармаларын да танытп үлгкерген, өзіндік қолтаңбасы бар жазушы.
Фантастика жанрының саңлағы Сарманбай туралы СССР Жазушылар Одағының мүшесі Степан Залевский: «Біз «Фантастика» деген сөзді естігенде, ең алдымен, ойымызға жұлдызаралық әлем, жатпланеталықтардың кемесі және басқа да ғарыштық кереметтер оралатыны хақ. Алайда, фантастиканың көзге түсе бермейтін, бірақ туған өлкеңнің бүгінгі көкейкесті мәселерін қамтитын, соны шешуге бағытталған басқа да түрлері бар. Мұнда автордың туған жердің тағдырына, ондағы адамдардың өміріне алаңдаушылығы мен жаны ауыратыны айқын байқалады. Міне, жас фантаст – жазушы Сарманбай Исақ осы бағытта жұмыс істеп келеді. Оның «құпия аппарат» атты әңгімесінде қатер төндіріп келе жатқан экологиялық кесапаттан туған өлкесін құтқару, егістік алқаптары мен өзендердің қазіргі жағдайына алаңдаған адамдарға көмектесу мақсатын көздейді. Мамандығы агроном болғандықтан ол жерге аялап қарау керектігін өзгелерге қарағанда ерекше сезінеді, сондықтан да жанын ауыртқан жайды көтеріп отыр. Тек жаныңды ауыртқан сезімдер ғана көркем шығармаға айнала алады. Егер бұл туынды фантастикалық жанрда жазылса, ол оқырмандар қызығушылығын арттыруы әбден мүмкін», - дейді.
Сарманбай Исақ туралы оң пікірлер айтқандардың қатары аз емес. Алайда, жазушы өзін мақтағанды ұнатпайды. Сондықтан, біз оны мақтамаймыз, Оңтүстікі ғой деп мақтанамыз. Мақтап-мапаздау, қолдап-қошеметтеуге зәру емес жазушының туындыларын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. «Жеңіс» атты туындысында жазушы оқырманын ойлантып, әсерлендіре түседі. Ендеше, оқып шығыңыз.
Қала әлде қашан ұйқыда еді. Терезені тырсылдатып жаңбыр әлі жауып тұр. Бүгінде Асхаттың көзі ілінер емес. Асқат биыл 8 – класқа өткен. Мектептің ең озат оқушыларының бірі. Оның әке шешесі, осы шағын өнеркәсіпті қалаға, қызмет бабымен көшіп келгендеріне де көп бола қойған жоқ ты.
Класс жетекшісі Шәмсия апайы, бір биязы, әрі сыпайы, әрі сүйкімді жан. Өзі үнемі сәнді киінеді,қандай көйлек кисе де өзіне жарасып – ақ тұрады. Сымбат – көркіне келгенде мектепте онан өткен сұлу жан жоқ. Асқат үнемі Шәмсия апайының класқа келуін, сабақ беруін асыға күтеді де жүреді.
Міне, бүгін Шәмсия апайының сабағы. Оның асыға күткен сағаты да жетіп, класқа күндегіден де сұлуланып, күндегіден де өзгешеленіп кеткен. Шәмсия апайы келгенде,Асқат қуанғанынан орнынан елден бұрын тұрып,қалай сәлем бергенін өзі де сезбей қалды.
– Ерекше құрметіңе көп – көп рахмет. Асқат – деді.
Шәмсия апайы бұған даусы сыңғырлап. Сөйтті де класқа қарап:
– Қадірлі оқушылар! Кәзір, бәріміз қаламыздағы таяуда ғана іске қосылған өздеріңнің жерлес ағаларың, талантты жас ғалым Бектас басқарған тәжірибе станциясына саяхатқа барамыз. Естеріңде болсын, Бектастың тәжірибе станциясына бару оңай шаруа емес... Оны «Болашақтың жем – шөбі» – деп атайды.
– А – апай, онда біздің қандай қатысымыз бар?! – деді, үнемі бүйректен сирақ шығарып отыратын, бұзықтау Берік.
– Әй, Берік – ау, Берік, сен өзі ештеңеге қызықпайсың – ау, а... өзі о, не дегенің сенің... – деді. Шәмсия апай күліп.
– Апай, Берікке магнитофон болса бітті – деді өзімен түйдей құрдас, шикіл сары Төлен, селкілдеп күліп.
– Ой, сен де көсемсіп, сандала бермеші – ей, аузыңа келгенді айтып – деді оған табан астынан шарт ете қалған Берік те өз ақысын жібермей.
– Ал балалар қойыңдар. Кәне бәрің түп – түгел кластан шығыңдар. Саяхатқа аттанамыз. Бұл өзі өте керемет нәрсе... Саяхаттан келісімен бәрің көргендеріңді, ойларыңа түйгендерің жөнінде шығарма жазасыңдар... Түсіндіңдер ме?!
Біз көп ұзамай – ақ айнала төңірдегі түгел тормен қоршалған,көк дарбаза алдына келдік.Шәмсия апайымыз кішкене есікшеден бірдеңелерді айтып еді, біздерді ішке кіргізді.
Сол бойда бәрімізге бір – біреуден ақ желбегей беріп, киіндірді. Содан ұзын дәлізшемен аппараттарға лық толған үлкен бөлмеге әкелді. Неше түрлі құбырлар, өшіп – жанған қызылды – жасылды лампалар, нән бөшкелер, әрі бөлмеде буы бұрқырап күлімдеп қойып,әрбір аппаратқа тесіле бір көз тастап келе жатты.
Келген бойда өзімсіне:
– О-о-о, балалар саламатсыңдар ма? – деді ол жылы қарсы алып.
Біздер сол бейтаныс ағайға жан – жақтан, жапа – тармағай сәлем бердік.
– Ал, балалар,енді ғалым ағайларыңа сөз берейік. Өзінің ашқан жаңалығы жөнінде әңгімелесін... Сендер мұқият тыңдаңдар... деді Шәмсия апайымыз, ғалым ағайға күлімдей қарап.
– Көп – көп рахмет Шәмсия... Қ – Құрметті оқушылар! Мені Марат Маратұлы деп атаңдар. Сендерге түсінікті болу үшін қысқаша сөйлеуіме ұлықсат етіңдер... Міне бүгін сендер, менің ұзақ жылғы талмай ізденуімнің арқасында дүниеге келген ғылыми жаңалығымның іске асу жемісін көріп тұрсыңдар... Соңғы жылдары халықты ет, сүтпен жетерліктей қамтамасыз ету үшін көптеген күрделі қиындықтар кездесіп отыр. Ол қандай қиыншылық пен кедергілер?.. Біріншіден, соңғы қазақ жерінің біраз бөлігінде су мәселесі қиындады. Бұл мол жем – шөп алуға айтарлықтай зиянын тигізуде. Екіншіден, жердің құнарлығы кеміді. Үшіншіден, минералдық тыңайтқыштар,барлық техникалар қымбаттай түсуде. Мұнан өзге ілі сендер түсіне бермейтін кемшілік ұшан – теңіз...
Қысқасы, балалар,сендер бұл мәселені қалай шешу керек деп ойлайсыңдар... Кім айтады? – деді ол бізге қарап.
– Ағай, әрине малға көп – көп тамақ беру керек – деді Асқатжұлып алғандай етіп.
– Иә, иә міне сен жардың, жарайсың... Өте дұрыс айттың – деді ғалым ағай басынан сипап.
– Марат ағай. Асқат үнемі білгішсініп, мақтанғанына мәз – деді Берік араға киілігіп.
Асқат оған ұмтыла бергенде, Шәмсия апай Асқаттың қолынан ұстап қалды.
– Ағайларыңнан ұят болады. Кәне, бәріміз де ғалым ағайды зейін сала тыңдайық... Бұл өте маңызды мәселе... Жөндеп көңіл бөліңдер, – деді Шәмсия апай даусын сәл көтеріп.
– Сонымен, оқушылар, өздерің байқағандай малды арзан жемшөппен қамтамасыз ету мәселесін мен былай шештім...Бұл ғылыми ойым біраз кедергілерден соң қолдау әзер тапты... Сонымен, зерттеу жүргізілетін лаборатория мен өзім ойлап тапқан жем шөпті қажетінше өндіретін фабриканы қатар салғыздым...Қазір бәрі ойдағыдай... қысқасы, менің жем – шөбім лабораторияда жасанды тәсілмен алынған... Оның табиғи жем – шөптен ешқандай өзгешілігі жоқ... Мысалы, кәдімгі өздерің көріп жүрген жүгеріні лабараториялық аппараттар көмегімен ішкі құрылыстары, бөліктеріне дейін ажырату мүмкін емес. Айна қатесі жоқ жүгері. Кәдімгі жапырағы мен собығына дейін бар... Оны арнаулы оранжеядан көресіңдер... Міне, мұны сиыр мен қой ешбір талғаусыз, сүйсіне жейді... Әрі тез оңалып, салмақ қосып семіреді... Табиғи өсімдіктен ешқандай өзгешілігі жоқ... Малдың өмір сүріп, тез оңалып семіруіне өте қажетті барлық витамин, микроэлементтер жеткілікті...
Бұл өздерің көріп тұрған жерде алғашқы сатыдан өтеді. Жасанды өсімдіктерге аса қажет процесс іске асырылады. Екінші аппаратта бәрі түгел құрастырылады. Иә, сөйтіп, бұл балалар ең соңында кәдімгі жапырақтары, гүлі, тамырына дейін өсімдіктен айнымай шыға келеді...
Жасанды өсімдіктер қысы жазы бір қалыпты дайындала береді... Міне, менің ашқан ғылыми жаңалығымның қысқаша мәліметі осы... Иә, сөйтіп әсіресе ет пен сүт өндіруде әжептеуір игі өзгеріс әкелдік... Осының нәтижесінде ет пен сүт арзанға түсті... Ет пен сүтті жек көретіндерің жоқ шығар, – деді Марат ағай.
– Ал, балалар, қандай сұрақтарың бар?! – деді Шәмсия апай Марат ағайдан көзін алмай...
– Олай болса, енді осының бәрін өз көздеріңмен көресіңдер деп Марат ағай оқушыларды ішке қарай бастады.
Оқушылар екі дуалды түгел алып тұрған аппарат алдына жетіп тоқтай – қалды.
– Балалар,мұнда өсімдіктің негізі қаланады. Оны хикаялық, биологиялық, клеткалық құрылысы жасанды түрде жасалады.
Биохимиялық құрамындағы тепе – теңдіктер сақталынады.
Бұл кезде оқушылар жан – жақты жамырай түсіп, сұрақтарды қарша боратты.
– Ағай – ағай, қандай керемет?!
– Анау, әлгі жалқау Беріктің бұзауына да шөп бересіз бе?! – деді Қозыбағар деген кластағы ең қуақы оқушы, жырқ – жырқ етіп.
– Мен сенен сұрамаймын, онда шаруаң болмасын – деді кілт қитыққан Берік.
– Салғыласпаңдар, ұят болады – деді кілт қитыққан Берік.
– Сонымен, өсімдіктерді құрадық, енді оны әрбір өсімдік түріне айнытпай келтіруіміз қажет... Мұны, алдағы бөлмеде іске асырамыз – деді ғалым ағай.
– Балалар, бұл өте маңызды мәселе. Айтылған әрбір ғылыми ойға терең мән беріңдер. Әрине, қазір сендер үшін анау айтқан маңызды мәселе емес те шығар... Бұл күнде ет пен сүтте арзан...Қазақстан алғаш тәуелсіздік алғанда ет екі – үш жыл қымбат болды... Мына, Марат ағайларыңның арқасында халықтың дастарханы арзан ет пен сүтке толды... Малымызға жасанды жем – шөп беріп,ет пен сүттің молшылығын жасап отырған, осы ағаларың – деді апай түпкілікті жауап бергендей.
– Ағай, сонда бүкіл кең байтақ Қазақстанды қалай қамтамасыз етесіз? – деді Төкен деген оқушы.
– Иә, мұндай лабаратория – завод Қазақстанда оннан асады... Әлі де салынып жатыр... Менің ойымды шет мемлекеттерде сұрап жатыр. – Әне, әне анаған қараңдаршы деген Беріктің сөзіне бәріміз жалт бұрылдық. Сөйтсек, кәдімгі көк балауса жүгерінің туралған сүрлемі... Тіпті ішінен көсілген собықтары да көптеп кездесіп жатыр.
Бұл кезде Марат ағай шеткерірек тұрған аппаратты тоқтатты. Сөйтті де осы бір еңбегіне іштей рахаттанғандай сыңай таңытып, қолына бір уыс көкпенбек, иісі аңқыған жоңышқаны алып:
– Сырт көзбен қарасаң, кәдімгі табиғи жоңышқа өсімдігі. Белокқа аса бай, құнарлығы жоғары мал азығы... Көрдіңдер ме, жапырақтары да табиғи жоңышқадан айырмашылығы жоқ... Себебі, қоректенетін жалпы мал атаулысы әрбір өсімдіктің өзіне тән иісі шықпаса оны сүйсіне жемейді екен, мұны өз тәжірибемнен білемін...
– Ал, анау алаңдағы арнайы жабдықталған мал жайылымы... Онда жайылымға жіберілген малдар кәдімгі жайлауда жүргендей, бір жасап қалады.
Міне, жас достарым, әзірше қысқаша осы. Түсінбегендерің болса, жауап беруге әзірмін, – деді Марат ағай сыпайы ғана езу тартып, Шәмсия апайға күлімдей түсті.
Шыдамсызданған Сәуленің кеудесінде қуаныш ойнап шыға келіп, Марат ағайына мейлінше мейірлене:
– Ағай-й, с-сіздің ашқан жаңалығыңыз өте керемет екен?! Оған қалай қол жеткіздіңіз? – деді таңданысын жасырмай. Ғалым ағай бір сәт үнсіз қалды да:
Иә-ә-ә, бұл сұраққа бірден жауап беру мен үшін оңай шаруа емес... Мен мектеп табалдырығында жүрген кезден бастап, өте арманшыл едім... Қысқасы, адам үшін ерекше маңызды жаңалық табу болатын... Ол осы қазір өздерің саяхат ретінде аралап көргендерің болатын... Қазақстан тәуелсіздік алысымен алғашқы президентімізге хат жолдадым...
Президент қолдады... Міне, қалғанын өздерің көрдіңдер – деді Марат ағай.
Сосын, Шәмсия апай:
– Сіздің тамаша жаңалығыңызды бұрыннан баспа сөз, теледидардан естісек те, арнайы рұқсат алып, оқушыларды әкеліп, таныстырудың сәті бүгін түсті. Кім білер, ертең осылардың арасынан да сіз сияқты ғалым шығып та қалар, а?! Сондықтан арнай көргендерің өте дұрыс болды. Сізге көп-көп рахмет...
Қала. Әлдеқашан ұйқыда еді. Терезені ұрғылаған жаңбыр әлі толастар емес. Асқат саяхатқа шығып, өз көзімен көргендерін ой елегінен қайта-қайта өткізгенімен, шығарманы неден бастарына қолы бармай әлі отыр. Көңілін ерекше баулап алған осы бір жаңалыққа әлі таң қалып қояды. Екі көзді тарс жұмғанымен, ұйқысы құрғыр келер емес... Келер емес...