Бүлдіршіндерге арналған жыр-жинақ шықты
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Республикалық «Зиялы қазақ» шығармашылық бірлестігі мен кітапхананың ұйымдастыруымен Алматы қаласы «Үш қиян» баспасынан жарыққа шыққан балалар әдебиетіне арналған «Шамшырақ» жыр жинағының тұсаукесер салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласы бойынша директоры Дәркен Танабаев, Халықаралық «Көк бөрі» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, ақын, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Бөрібай Оразымбетов, Түркі әлемі Жазушылар Одағының жетекшісі Баян Тіленшина, ақын Болатбек Құтпанов, Қазақстан сазгерлер қауымдастығының мүшесі, сазгер Айзада Бекенқызы, ақын, жазушы, бірнеше кітаптардың авторы, ұстаз Марғуба Мұхтарқызы, ақын Эльмира Сәрсенбайқызы және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Тұсаукесер рәсімін Аманжол Мақажанов жүргізді.
Салтанатты жиын бірлестіктің әнұранына айналған «Зиялы қазақ» әнімен ашылып, алғашқы сөз кезегі бірлестік жетекшілері Жүнісбаев Серік Сүлейменұлы мен Пірімжанова Айгүл Қалтайқызына берілді. Олар аталған жыр жинақтың «Зиялы қазақ» шығармашылық бірлестігінен шығарылып отырған екінші кітап екенін, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғаса беретінін жеткізді.
Жас жеткіншектерді Отан сүйгіштікке, имандылыққа, ізгілікке, жасампаздыққа қарай жетелейтін Қазақстан Республикасы аумағындағы ақындардың мектеп жасындағы бүлдіршіндерге арналған түрлі тақырыптағы өлеңдері мен бала санасына өнеге мен тағылым ұялатар мысал өлеңдері енген «Шамшырақ» кітабының тұсауын ақын, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Бөрібай Оразымбетов шешіп, осындай маңызды шараның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, жас ұрпақ үшін осындай игі істерді атқарып жүрген Серік Сүлейменұлы мен Айгүл Қалтайқызына өзінің жүрекжарды лебізін, алғысын білдірді. Кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне баға бере отырып, көпшілік қауымға сыйға кітап тарту етті.
Еліміздегі көппптттегеннн ақындардың өлеңі шыққан кітапқа өзіміздің өңіріміздегі айтулы ақындардың да бірқатары өлеңдері енннгггізілген. Атап айтар болсақ, Айгүл Қалтайқызының «Ұстаз бен шәкірт диалогы» өлеңі:
Ұстаз:
- Қош келіпсің балақай!
Осы сенің сыныбың.
Шәкірт:
—Алақай-ау, алақай!
Оқушының бірімін.
Ұстаз:
—Сырын ұғып сандардың
Әріптерді жаттайсың.
Шәкірт:
—Мен бәрін де, аңғардым.
Шәкірт болам мақтайтын.
Ұстаз:
—Озат болсаң үлгілі,
Бестік баға аласың.
Шәкірт;
—Әкем мақтап бұл күні,
Қуанады анашым.
Ұстаз:
—Оқуменен көктеп сен,
Өсе берші ұланым!
Шәкірт:
—Білім алып мектептен,
Азамат боп шығамын.
Гүлсара Расулықының «Көбелектің қасіреті» мысал өлеңі:
Тез алданар қызыл-жасыл елеске,
Көбелек те көрсе қызар емес пе?
Жарық көрсе дүниені ұмытар,
Жарқылдаққа құмар еді ерекше.
Құмарлығын жанған от та байқады,
Бар еді оның көбелекке айтары.
-"Жақындама босқа өртеніп, күйесің,
Жалынымның жетеді оған қауһары"
Тыңдамады бірақ, мұны көбелек,
Отқа қарай ұшты қанат төпелеп.
Шыдас бермей жұқа нәзік денесі,
Күйіп қалып құлап түсті не керек.
Шаруасы бітті солай, әттеген...
Жанып жатты лаулап ыстық леппенен.
Күйдіреді, жандырады, өртейді,
Сондықтан да ойнамағын отпенен.
Тойлыбай Қуаныштың «Қаңбақ» өлеңі:
Қаңбаққа қара, қаңбаққа,
Жөңкіле безген жан-жаққа.
Жел ыңғайымен маңатын,
Болмайды мұнда салмақ та.
Не дерсің жеңіл қаңбаққа,
Мекенін қонар таңдап па?
Құйынмен кейде еріксіз,
Кетеді көкке самғап та.
Қаңбағым, жеңіл қаңбағым,
Сай жер ғой қоныс таңдауың.
Көтерсе құйын аспанға,
Белгілі жайт қой самғауың.
Домалап қаңбақ маңа бер,
Жел қуса іздеп жаңа жер.
Кезіге қалса шұңқыр, сай,
Тұрақтап сонда қала бер.
Қаңбағым шөпсің ырықсыз,
Шабатын түзде құрықсыз.
Жел тұрса сәл-ақ маңасың,
Болсаң да соған құлықсыз.
Жүсіпбек Тілеубергеновтің «Сүйем сені Отаным» өлеңі:
Қала, ауыл елі бар,
Биік асу белі бар.
Маңдайымнан сипаған,
Салқын самал желі бар.
Байтақ далам, тауларым,
Өзен-көлім, бауларым.
Саяхаттап тауларға,
Көлден балық ауладым.
Ойнақ салған ботамын,
Гүлдей жайна Отаным.
Алтын бесік мен үшін,
Сүйем сені Отаным.
Айгүл Қадырдың «Қоян мен қайың» мысал өлеңі:
Келді көшіп желменен бұлттар кезбе,
Сай-саланы толтырды жауын лезде.
Бүрсең қағып, бір қоян тыжырынды,
-"Қырсық жаңбыр жаумай ма жерге өзге.
Айналаны көл қылды орманды да,
Қамалғандай отырмыз торда мына.
Жел де кетті қайдағы бұлтты әкеп,
Жүрген кезде өзіміз зорға мұнда".
Бұл сөздерді есітіп тұрды қайың,
Шөлдеп қалған өзінің айтты жайын.
-"Көптен бері су ішпей қурап тұрмыз,
Жауса дейміз бұл жауын жауған сайын.
Сен шөлдесең ішесің өзің барып,
Өзен, көлден, бұлақтан болып қарық.
Ал біздегі қимылсыз тұрыс осы,
Су келетін тіпті де жоқ-ау арық".
Қайың солай өз сырын шертіп өтті,
Сөз сөйлейтін қоянның еркі кетті.
Жан біткенде, шөл басқан жапыраққа,
Бар табиғат бусанып терді төкті.
Есің болса ойлама тек өзіңді,
Бағамдап айт сөйлеген әр сөзіңді.
Өмір үшін күресіп жатса біреу,
Кедергіге аздаған бол төзімді.
Эльмира Сәрсенбайқызының «Тазалықтан айныма» өлеңі:
Келді көшіп желменен бұлттар кезбе,
Сай-саланы толтырды жауын лезде.
Бүрсең қағып, бір қоян тыжырынды,
-"Қырсық жаңбыр жаумай ма жерге өзге.
Айналаны көл қылды орманды да,
Қамалғандай отырмыз торда мына.
Жел де кетті қайдағы бұлтты әкеп,
Жүрген кезде өзіміз зорға мұнда".
Бұл сөздерді есітіп тұрды қайың,
Шөлдеп қалған өзінің айтты жайын.
-"Көптен бері су ішпей қурап тұрмыз,
Жауса дейміз бұл жауын жауған сайын.
Сен шөлдесең ішесің өзің барып,
Өзен, көлден, бұлақтан болып қарық.
Ал біздегі қимылсыз тұрыс осы,
Су келетін тіпті де жоқ-ау арық".
Қайың солай өз сырын шертіп өтті,
Сөз сөйлейтін қоянның еркі кетті.
Жан біткенде, шөл басқан жапыраққа,
Бар табиғат бусанып терді төкті.
Есің болса ойлама тек өзіңді,
Бағамдап айт сөйлеген әр сөзіңді.
Өмір үшін күресіп жатса біреу,
Кедергіге аздаған бол төзімді.
Сонымен қатар, шығармашылық бірлестіктің жетекшісі Серік Сүлейменұлының «Төлдерді тану» өлеңі:
Өмірінен аңғардым,
Түсіндім де, таң қалдым.
Мейірімі ерекше,
Жануар,құс, аңдардың.
Тауық сүйіп шөжегін,
Қоян болса көжегін.
Түлкі әрине, жәудірін,
Сүйетінін сеземін.
Еркелетер, сүйіп те,
Құралайын киік те.
Балапанын қыран құс,
Үйретеді биікке.
Аю сүйер қонжығын,
Жолбарыста шөнжігін.
Арыстанның абдандай,
Таниды екен төлін кім?
Арқар төлі-қозықа,
Қойға ерген қозы да.
Ешкі ойнатса лағын,
Есекте бар құдыға.
Үлкен болар жуырда,
Ерке бұзау сиырда.
Өз баласы болғасын,
Мондын жақсы суырға.
Бөлтірік деп бөрінің,
Атын қойған төлінің.
Көгілдірі аққудың,
Көркі айдын көлінің.
Бұғы төлі бұғышақ.
Жылқы төлі құлыншақ.
Бәрі өзінше сүйеді,
Өз төлдерін, ұғынсақ.
Жануар, аң, құстар да,
Төлін бермес дұшпанға.
Мейірімнен асатын,
Айтшы достар, күш бар ма?
Жалпы, Шамшырақ» балаларға арналған жыр-жинаққа Республика бойынша 23 ақынның өлеңдері енген. Бүлдіршіндер үшін оқу мен жаттауға оңай. Тазалыққа, спортқа баулу, үлкендерді құрметтеу сынды маңызды тәрбиелік мәні бар тақырыптар қамтылған. Алдағы уақытта кітаптың ойлы оқырмандары көп болады деп сенеміз.