Холокост: Кіші ұлттарды жою жобасы

Oinet.kz 05-05-2020 703

image.png

Адамзат тарихын бағдарлап, «суық ақылмен» сынап қарасаңыз, небір зұлымдықты, небір көз көріп, құлақ естімеген құбылыстарды көресіз. Алпауыт империялар қол астындағы «кіші» ұлттардың өзінің тарихын білуіне, өз-өзін тануына кедергі келтіріп келді. Себебі өз тарихын білген ұлт – өзгеге бағынбақ емес. Қай заманда да алып елдер бір-бірін әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени тұрғыда сынауға, төмендетуге тырысып келгені жасырын емес. Тіпті, мұндай қияң-кескі әрекеттерден мылтықсыз майданның қалай жүріп жатқанын да аңғармаймыз.

Жоғарыда айтқан кіші ұлттардың қатарына – еврей елі де кіреді. Бұл ұлттың тарихына зер салсаңыз, талай нәубетті, ақсүйек ашаршылықты, қуғын-сүргінді көресіз. Бір ғажабы – еврейлер сонда да мойымай, тізесіз тіктеп, еңсесін көтере білді. Миллиондаған еврей неміс басқыншыларының кіші ұлттарды жою үшін арнайы жасаған «Холокост» жобасының құрбаны болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер бастаған неміс халқы қарамағындағы өзге этностарға қырғидай тиіп, тілінен, дінінен, дәстүрінен,  ең бастысы бас-бостандығынан айырудың түрлі амал-тәсілдерін қарастырды. Бұл орайда, оның қастандығын жүзеге асыру үшін ғалымдар (физика, химия, биотехнология ғылымының мамандары) аянбай тер төгіп, жазықсыз адамдарға тірідей эксперименттер жасауға кірісті. Еврейлердің шыбын жаны шырқырап жатса да, фашистер үн қатпады. Керісінше, бойын ыза мен ашу кернеген немістер уақыт созбай, этностың көзін құртуға әрекеттенді. Холокост жобасы бойынша мұндай жазалаудың бірнеше түрі (азаптау, ату, жер аудару, өртеу т.б.) анықталғанын айта кеткен жөн. Еврейлермен қатар, геноцидке славян, поляк, сыған секілді этностар және біржынысты еркектер де ұшырап, аталған жобаның құрбаны болды.

Гитлер үкіметі жасақтаған бұл трагедияны үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1) 1933-1940 жылдар – саяси қуғын-сүргіннің алғашқы белгілері біліне бастаған кезең. Бұл уақытты дауыл алдындағы «жылымық күндер» деуге болады.

2) 1940-1942 жылдары жергілікті билік өкілдерінің ұйымдастыруымен еврейлер түрлі лагерьлерге қамалып, түрмеге тоғытылды. Сондай-ақ оларға Давид жұлдызы бейнеленген сары жолақты маталар тағып жүру тапсырылды. Азаптау түрмелері көбінесе Варшава, Львов, Луцк, Минск, Рига қалаларында орналасты. Ал ату жазасы кіші этностың осы қалаларға толығымен орнығып, анық еврей екенін білген кезде басталды.

3) 1942 жылдан майдан аяқталғанға дейін еврейлерді езгіге салу жалғаса берді. Фашистер бір жағынан Кеңес одағымен соғысып жатса, бір жағынан отар этносторды жоюмен айналысты. Шынтуайтына келгенде, 20-30 жылдың ішінде бұл мекен «тозақ аралына» айналып үлгергер десек, қателеспейміз.

Бұл геноцид туралы көптеген мақалалар, әдеби туындылар жазылып, деректі фильмдер түсіріліп жатса да, әлі күнге дейін еврейлердің қасіреті толық ашылған жоқ. Орнығатын жері жоқ сығандардың да әлеуметтік жағдайы осыған ұқсас. Жағдай ушыққаны сонша, бір ғана Освенцим-Биркенау лагерінде бір тәулікте жиырма мыңға жуық адам атылып, өртелген көрінеді. Қолда бар деректерге сенсек, мұндай геноцид адамзат тарихында сирек кездеседі. Үш кезең аралығында еврей елінің 60 пайызы, поляк ұлының 10 пайызы, сыған халқының төрттен бірі, Кеңес одағының 3 миллионға жуық әскері, 9 мың біржынысты ерлер жер бетінен жойылды. Жалпылай алғанда, ғалым жүргізген статистика бойынша «Холокост» жобасы бойынша қайтыс болғандар саны 4,2 миллионнан 6 миллион адамға дейін жеткенін айта кету керек.

Әрине, Гитлерлік қатал жүйе еврейлерді қыспаққа алып, қуғын-сүргінге ұшыратқанын білдік. Ал шын мәнінде, бұған не себеп? Бұл Гитлердің жеке басына қатысты мәселе ме, әлде жалпы әлемнің еврейлерге деген көзқарасы ма? Бұл сұрақтың жауабы біз ойлағаннан да тереңде жатқан сыңайлы. Еврейлерді қудалау египеттік фараондар заманынан басталып, Рим империясымен жалғасып, одан кейін Еуропа монархтарына дейін табан тірейді. Сондағы басты нысана – дін мен дәстүрінде. Ал еврейлердің христиан дінін ұстанғаны баршамызға аян. Бәлкім, дінді сылтауратып, өз жеріне жолатпаудың да тәсілі болуы ғажап емес. Қайткен күнде де, бұл саясатты жоғарыдағы империялар тиімді пайдаланды. Теология тарихына көз жүгіртсеңіз, пайғамбарлардың көбісі осы еврей елінен шығып отырған. Тіпті, осының өзі басқа ұлттардың бойына кек жиналуына әсер етуі мүмкін. «Неге бізден пайғамбар шықпайды?» деген түсінік жалғыз еуропаны емес, тұтастай әлемді жаулап алғаны шындық. Сол секілді ислам дініне де әлем елдерінің көзқарасы оң болмады. Дегенмен, соңында (соғыс аяқталғаннан кейін) бұл қайшылық сәл бәсеңдеп, діни тепе-теңдік қайта қалпына келді.

Деректерді қарастыра отырып, бұл мәселеде тек дін ғана емес, әлеуметтік-экономикалық ықпалдың да бар екенін ұғындық. Еврейлер (иудей) – әлем саясатын жетік білген, сонымен қатар экономикалық мүдделерді жан-жақты таныған этнос. Сондықтан олардың пікірлері, болжамдары мен қаржылық бағдарламалары жаһан «көзінен» тысқары қалған емес. Әлемдік банктердің көбінде олардың қаржылары болды (банктерді басқарды) және олар бұл ақшаны тиімді пайдалана білді. Мәселен, еврей елінен шыққан Ротшильд, Рокфиллер және т.б. секілді бақуатты тұлғалар экономикалық эйфорияға жетіп, өз халқын амал алып қалуға тырысты. Осыдан-ақ біраз жұмбақтың сырын ашқандай боламыз.

Әлеуметтік-экономикалық һәм діни күресте кіші ұлттардың дауысы бәсеңдеу шыққанымен, олардың ықпалы қайтсе де бар екені анық. Гитлердің саяси идеологиясы – үтір-нүктесіне шейін ойластырылған, жан-жақты сараланған шебер «туынды». Оның сұрқия мақсаты жүзеге асты. Бірақ түгелдей емес.

Біржан Ахмер

Әлияның ерлігі куәгерлердің көзімен
Герман Хессе. Жанайқай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу