Асылзат Арыстанбек. Құлазыған көңілімді емдер кім?!

Oinet.kz 24-07-2020 795

Обыр ауруын жеңген ақын

Құлазыған көңілімді емдер кім?!

Құла-дүзде келед кейде сенделгім.

Тағдырымның тырнағын-ай тым ащы,

Тікенегі секілденген шеңгелдің.

Жалғыздықтан жапа шеккен мен бе екен?

Адаспаған адамдарың кем де кем.

Тағдыр өзі дуалаған басымды,

Қай бақсыға,

Қай тәуіпке емдетем?

Сыздай-сыздай жүрегімде сырнай-мұң,

Шытынаймын, бірақ әлі сынбаймын.

Өне-бойым алаулаған кезінде,

Мың-миллион тоқ жүгірген сымдаймын.

Тәуір жолдас бола алмадым жақсыға,

Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә.

...Өлең деген үшкірінем тәуіпке,

Өмір деген бағынамын бақсыға

Асылзат Арыстанбек. Қуыршақ
Асылзат Арыстанбек. Сенбеймін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу