Естай мен Қайым
03-10-2020
Салғаным сал қара атқа жаппай күміс,
Білмеген асыл жайын адам емес.
Осы әнді Юран деген қызға айтыпты,
Баласы басқа адамның салған емес!
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай,
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!
Қыз бопты Қараөткелде Юран атты,
Аузынан шыққан сөзі балдан тәтті.
Салғанда домбырада Юран әнін,
Өзіме тартып алам адамзатты.
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай,
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!