Естай Беркімбайұлы. Бір мысқал

Oinet.kz 24-07-2020 885

Естай Беркімбайұлы — Уикипедия

Көзінің қаралығы қарақаттай,

Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай.

Көзіндей құралайдың ойнақтатып,

Арман не соны құшқан адам затта-ай.

Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей,

Аяғын келер басып, некей-некей.

Алмадай беттерінен сүйгенімде,

Суырылар тілмен қабат сол көмекей.

Болғанда тілді яхуд, тісі маржан,

Еті аппақ жазғытұрғы жауған қардан.

Қан шырын, пісте мұрын, лұһлу иек,

Пәндеде жүзін көрген қалмайды арман.

Болғанда өзі мұндай, жүріс қандай,

Күлкісі көңіл ашар гүлстандай.

Көтеріп алақанға отырсам да,

Білінбес ауырлығы бір мысқалдай.

Аспайды ай сәулесі қабағынан.

Қызыл гүл үзіледі сағағынан.

Мақамнан жеген дәмі белгілі боп,

Көрінер ішкен асы тамағынан.

Жұрт күлсе, ғашық адам құр күледі,

Басына келмеген жан не біледі.

Сауық сап, гүл-бақшада сайран салған,

Мақбуп жар енді айналмас бір күн еді.

Естай Беркімбайұлы. Жай қоңыр
Баубек Бұлқышев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу