Сәкен Сейфуллин. Тергеген болсаң айтайын

Oinet.kz 22-01-2020 888

image.png

Маржандай тізген жырымды

Айтайын болсаң, тергеген:

Домбырадай күйленіп,

Ән тасып көкірек кернеген.

Махаббат толып жалындай,

Лүпілдеп жүрек тербеген.

Шаттанып күйлер қауласып,

Қосылған әрбір пернеден.

Дүниеге жайып құшақты,

Күштерім құлаш сермеген.

Шаттанған тасып өлеңді,

Айтпауға ерік бермеген.

Кейде толып көкірекке

Кектер толып кернеген.

Жігер қайнап зұлматқа,

Дүниеден шындық көрмеген.

Көз жасын көріп сорлының,

Екпінді қызу өленді

Көкірегім жылап еңіреген

Айтпауға ерік бермеген. 

Сәкен Сейфуллин. Келіншектің бесік жыры
Сәкен Сейфуллин. Қырда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу