Наполеон Бонапарт нақыл сөздері

Oinet.kz 16-08-2020 1413

image.png

Сөйлей бiлмейтiн адам мансап биiгiне көтерiлмейдi.

***

Ұлы болудан күлкiлі болуға дейiн — бiр-ақ қадам.

***

Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік — екінші орындағы нәрсе.

***

«Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.

***

Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.

***

Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.

***

Арыстан бастаған қойлар тобы қой бастаған арыстандар тобын қашан да жеңе алады.

***

Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңында, рух қылышты жеңуі тиіс.

***

Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.

***

Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.

***

Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.

***

Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.

***

Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.

***

Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.

***

Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.

***

Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.

***

Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.

***

Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.

***

Тақ – жәй ғана өрнектелген орындық.

***

Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы – уәдені бермеу.

***

География – бұл тағдыр.

***

Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.

***

Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.

***

Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.

***

Әскери өнердің құпиясы: керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты бола білу.

***

Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер

Мирас Асан. Джоконда
Махамбет Өтемісұлы. Ер жігітке оқ тиді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу