Ауылым – алтын бесігім

Oinet.kz 01-01-2020 1340

Ауыл дегенде сіздің көз алдыңызға не елестейді? Менің көз алдыма ауыл дегенде мамыражай жаздың жайма шуақ күндері, арлы-берлі доп қуалай ойнасқан балалар, күбі піскен әжей, еркелете құшағына қысқан атам, шай қойып жүгіріп жүрген жеңгем елестейді. Иә, бұл менің жазғы демалыста ауылға барғанда көретін ең алғашқы көрінісім. Ауылымның ауасына, жазыла жатқан жайлауына ештеңе де жетпейді.

Znalezione obrazy dla zapytania ауыл

Ауылға бара қалсам, туғандарым мені мәз-мейрам болып күтіп алатыны бар. Өздері сондай жақсы жандар. Ауылға кіре берісте биік дөңбешек бар. Мен ауылға кірерде үнемі сол дөңбешекке шығып, ауылымның аман-саулығына бір қарауды әдетке айналдырып алғалы қашан. Ауылдың үстінен қарағандағы бейбітшілік пен көшеде сабырылыса жүрген адамдарға таң қаласың. Қалада ауласында тіршілік жасап жүрген жан көрмейсің ғой. Сондықтан болар, бұл біз үшін сағыныса қауышатын тамаша көрініске тең.

Ауылымның ауа-райы да ауылдағыларға қарасып тұратындай. Күні де келісе шығады, жаңбыры да ыңғайлы бір уақытта жауа кетеді. Топырағына малынып жата бергің келеді. Қоңыр салқын топырағын кейде үйіме арқалап әкеткім келіп кетеді. Себебі басқа 9 айда мен ауылымды қатты сағынамын. Мұнда күн де тез өтеді ме білмеймін. Келгенім кеше болса, бір қарасам көз шығады да үйге қайтуға мәжбүр боламын. Жалпы ауылымды жақсы көремін. Оның ауасын да, баласын да, даласын да қатты жақсы көремін.

Тәртіп туралы шығарма
Шығарма. Ұлт азаттық көтеріліс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу