Тәртіп туралы шығарма
Тәртіп өмірдің әр саласында кездеседі. Бізді бала күнімізден өміріміздің соңына дейін бір тәртіпке жүгіндіреді. Кейбір тәртіптердің қажеттілігі сондай олар заңмен ресми түрде көрсетілген. Ал басқалары этикалық тәртіптер. Оларға жекелеп тоқталайық...
Заңмен көрсетілетін тәртіптерге мәселен, адамның жеке құқығына қол салмау, басқа біреуді затын ұрламау, ұрмау, соқпау секілді түрлі қағидалар кіреді. Ал адами тәртіптерге адамның өзін мәдениетті адамға сай ұстауын жатқызуға болады. Сөйлеу тәртібі, ортада өзін өзі ұстау тәртібі. Адам қаншалықты тәртіпті болса, оны басқалары сәйкесінше құрметтеп, ол адамнан өнеге алуға тырысып жатады. Сондықтан да тәртіп кез келген салада маңызды деп ойлаймын.
Мәселен мектептің де өзінде ішінара тәртіп жүйесі бар. Мектепке келу уақыты, киім-кию тәртібі, жүру тәртібі, сынып тәртібі секілді т.б. Егер де мектеп қабырғасында бұл тәртіптер тізбегі сақталмаған жағдайды, мектебіміз әлдеқашан тозып кеткен болар еді. Тәртіп - тәрбиеден бастау алады. Бұзақы балалар тәртіпсіздік жасау арқылы өз ата-аналарының аттарына кір келтіріп жатады. Біз де сондай олқылық жасамас үшін, мектеп тәртібіне бағынуымыз қажет. Егер қазірден тәртіпті бала болсақ, болашақтағы өмірімізге де мұның тигізер пайдасы мол болмақ.
Біздің үйде ата-анамыз күнде тәртібімізді, сабақ үлгерімімізді қадағалап, дұрыс емес жерлерінде қатты сөкпей, ақылдарын айтып отырады. Мен өзімді тәртіпті етіп, ешкімнен кем қылмай өсіріп келе жатқан ата-анама, мектептегі кейбір тентектігіміз бен балалығымызға көз жұма қараған ұстаздарыма алғыс айтқым келеді.