Іні туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 2251

Менің інімнің жасы 6-да. Ол әлі балабақшаға барады. Ол үйде жоқ кездері үй тым-тырыс болады да қалады. Үйдің кенжесі болғандықтан, ол қыдырып кеткенде қатты сағынамыз. Інімнің аты Бақдаулет. Өзі ақшыл келген, боп-боз десе де болады. Бетінде шұрайы бар, өзі сондай сүйкімді. Арықша келген. Негізі кішкентайында толық болатын секілді еді, кейін жүре келе арықтап кетті. 

Znalezione obrazy dla zapytania дети

Ол тәттіге қатты құмар. Кейде тіпті тәтті бермесеңдер, тамақ жемеймін-ді шығарады. Неге екенін білмеймін қанша қырсық болса да, кейде бұзық болса да ол бізге періштедей көрінеді. Балабақшадан келген сәтінде отыра қалып ойыншықтарын шашып ойнай бастайды. Тамақтанбайтын болғандықтан, мені оны алдап отырып тамақ беруіме тура келеді. Өзі бойына қарамай кейде менің киімдерімді де тастамай киіп алатыны бар.

Келер жылы інім мектепке барады. Мен сол сәтті қатты күтіп жүрмін. Мен де онымен бірге мектепке барып келіп жүретін боламын. Түскі үзілісте бірге тамақтанатын боламыз. Мен оның сабағына көмектесемін. Мен оған үнемі қамқор болып жүргім келеді. Себебі ол менің жан дегендегі жалғыз інім. 

Шығарма. Менің інім
Шығарма. Менің қарындасым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу