Мен спортты сүйемін
Денсаулық - адамның ең бірінші байлығы.Ал денсаулық күтімі спортпен тікелей байланысы.Футбол,волейбол, хоккей деген ойындардан бөлек, ағаш отырғызу, қар күреу де жатады. Мен оны үй жағдайындағы спорт түрі деп білемін.
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның дені сау, ширақ қимылдайтын болады.
Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.Спорттың адам өмірінде алар орыны бөлек.
"Шынықсаң, шымыр боласың" демекші дене жаттығуы адам баласына әлбетте пайдалы.
Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға күші жетпейтін жандарға мамандар бір мезгіл спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсақ, жаңа құлшыныс пен серпінділіктің арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Әрбір адам спортпен айналысуы керек.