Ана туралы шығарма. Анам жұмағым

Oinet.kz 23-12-2019 2113

Ана десе ешқайсымыздың да жүрегіміз бір орында тұрмайтыны анық. Өміріміздегі бұл адам біз үшін отқа да күйеді, суға да түседі. Ана мен баланың арасында бір тылсым байланыс бар. Себебі екеуінің біріне бірнәрсе бола қалса, жүректері сезгіш. Ана деген қастерлі есім біздің ауызымыздан шыққан алғашқы сөз болса керек. Өміріміздің қаншама қиын, қуанышты тұстарында бізді жұбата білген, бізбен бірге шын қуана білген ана.

Znalezione obrazy dla zapytania мама

Ана бала дүниеге келген сәттен бастан оны бауырына қысып, түн ұйқысын төрт бөліп, біз ауырсақ шыр-пыр болатын, бізге ересек жасымызға дейін жақсы өмір беруге тырысатын адам. 

Ананың көзінде бала әрдайым кішкентай күйінде қалады деген рас қой деймін, себебі анам мені әлі күнге дейін еркелетіп, уайымдап жүреді. Мен анамды қатты құрметтеймін. Мен үшін оның әзірлеген тағамы ерекше, тамақтарын сүйіп жеймін. Ешкімге айта алмайтын сырларыммен анаммен бөлісемін. Ол үнемі менің балалықпен жасаған ағаттықтарымды кешіре біледі. Мен де сол кісідей дана болғым келеді. Мен анамды ждақсы көремін.

Мен өскенде кім болғым келеді? Шығарма
Менің анам. Ана туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу