Абай Құнанбайұлы. Көкке ұшты бес періште

Oinet.kz 28-08-2019 1145

o.74807.jpg

Түн кезінде көкке ұшты бес періште, 

Сия алмады өзі сүрген мекенде. 

Суық үйде тәтті түстегі бөбектерді, 

Сұм жалын шарпып өтті бір мезетте. 


Ата- анасы болмаған жандарында, 

Төрт кредиті бар екен бастарында, 

Отбасын асырау үшін күн-түн демей, 

Жұмыс жасап табыла алмаған қастарында. 


Олар деген сәнді киім кимеді, 

Көңіл көтеру, қыдыруды білмеді. 

Бар білгендері отбасымды қамтимын деп, 

Осы түнде де үйлеріне келмеді.


Кредит жауып үй алам деген арман, 

Қыздарының өлімінен соң арман емес. 

Ана байғұс жылап-жылап көзі талған, 

Шақырғанда естілген тек жаңғырық, елес. 


Мұндай жайттар талай өтті басымыздан, 

Талай рет қағылдық асымыздан, 

Бірақ та бізге сабақ болар емес, 

Бұны да шығарармыз ойымыздан. 


Сәбилер бақытты өмір сүрсінші, 

Жылап емес күліп қана жүрсінші, 

Ата-аналары жандарында табылып, 

Балалық балғын шақты көрсінші. 


Айтар сөз жоқ байланды тіл мен жағым...

Абай Құнанбайұлы. Қуанбаңдар жастыққа
Абай Құнанбайұлы. Көкке ұшты бес періште
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу