Фосфоршылар сарайында үйірмелер жұмыс істейді

Oinet.kz 26-07-2024 342

3.jpg 

Шымкентте бір кездері ірі мәдениет нысандарының бірі саналған, соңғы жылдары жекеменшікке өтіп, біраз құлдырауды бастан өткерген Фосфоршылар сарайы қайта түлейді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фосфоршылар сарайы бұзылатын болды. Кезінде жеке меншікке өтіп, кейін мүлдем қараусыз қалған мәдениет ордасы талан- таражға түсіп, мүлдем жарамсыз болып қалғанына да біраз жыл болды.

Сол себепті де қаланың көркін бұзып тұрған нысан 2023 жылдың қараша айында коммунальдық меншікке өткен болатын. Кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігін айтты.

Осыдан кейін 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.

Қабылдан шешім бойынша қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Нысанның құрлысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналыспақ. Нысан құрылысын күзде бастау жоспарлануда.

Бүгінде Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді. Жобаға сәйкес ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп,тарихи және заманауи нақыштарды үйлестіре отырып салынбақ.

Жаңа мәдениет сарайында өнер, түрлі кәсіптік бағытқа баулитын үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Фосфоршылар мәдениет сарайы екі мыңыншы жылдардың басында  шымкенттік атышулы бизнесмен Тоқтар Төлешовтың меншігіне өткен. Ол бизнесменге тиесілі «Дархан GROUP» серіктестігінің меншігі саналған. Аталған компания акцияларының 99,9997 пайызы Тоқтар Төлешовке, ал қалған 0,0003 пайызы Н.Досанбаев деген азаматтың иелігінде болған. Тоқтар Төлешов сотталған соң оның «Дархан GROUP» серіктестігіндегі үлестері, оның ішінде  Фосфоршылар мәдениет сарайы толығымен мемлекет меншігіне өтеді.  Алайда ғимарат әкімдіктің балансына берілген жоқ. Мұның себебі Төлешовке тиесілі болған «Шымкентсыра» мен «Дархан GROUP» компаниясының арасындағы қарыз дауына барып тірелді. Соттан кейін жаңа қожайынға өткен «Шымкентсыра» серіктестігі басшыларының айтуынша, 2014 жылы кәсіпорын мен компания арасында 1,8 миллиард теңгеге келісім жасалған, бірақ компания келісімде көрсетілген қаражатты төлемеген көрінеді. Кейін кәсіпорын қарызын даулап, сотқа шағымданады. Алғашқыда экономикалық сот талап арызды қанағаттандырған. Осыдан кейін 1,8 миллиард теңге қарызы бар серіктестікке тиесілі Фосфоршылар сарайын меншігіне алуға Шымкент қалалық әкімдігі тәуекел еткен жоқ.

Алайда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Бас прокуратурамен бірге сотқа талап берді. Нәтижесінде «Шымкентсыра»
кәсіпорнының талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Яғни,
«Дархан Group» компаниясы мойнына ілінген 1,8 миллиард теңге
қарыздан босатылды. Фосфоршылар сарайын әкімдіктің балансына беру шаралары осыдан кейін ғана мүмкін болды.


Мұз сарайы мемлекет меншігіне қалай қайтарылды?
"Мұз сарайы" заңсыз жекешеленген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу