"Мұз сарайы" заңсыз жекешеленген
Шымкентте бір кездері жекенің қоына өтіп кеткен маңызды мәдени, спорттық, әлеуметтік нысандарды мемлекеттің меншігіне қайтару шаралары қызу жүріп жатыр. Жуырда сот шешімімен «Мұз сарайы» жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қала жанашырлары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы болды. Өйткені, бұл мегаполисте қысқы спорт түрімен шұғылданатын жалғыз орын болатын. Ал ғимарат осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-не 128 миллион теңгеге сатылған болатын. Сол кездегі нысанды бағалау құны 996 миллион теңге болған екен.
Жеңімпазбен шарт жасалғанмен, алайда келісімде нысанның бейінін сақтау көрсетілмеген. Қала прокуратурасы бұл нысанға тексеру жүргізіп, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында бірқатар заң бұзушылық анықтады. Осыған орай, қадағалау органы Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдады.
Нәтижесінде, сот шешімімен қалалық прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Осылайша, «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды»,-деп жазған қала басшысы.
Шымкент қаласының экономикалы соты шығңарған шешімге қарағанда, «Мұ сарайын» жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Ұлтық қаупсіздігі туралы» заңдарға қайшы келеді екен. «МұнайҚұрылысСервис» серіктестігі Мұз сарайын сатып алғаны былай тұрсын, аукционға қатысуға жіберілмеуі тиіс болыпты. Өйткені бұл компания құрылыспен айналысады, спорт саласына қатысы жоқ. Мұз сарайы заң бойынша аукцион емес, тендер арқылы және осы салаға маманданған ұйымға ғана берілуі тиіс болған. Себебі Мұз сарайы Оңтүстік өң іріндегі бірнеше облыста қысқы спорт түрлерімен айналысуға арналған, жасанды мұз айдыны бар, баламасы жоқ, бірден-бір нысан саналған.
Сотта «МұнайҚұрылысСервис» және оның құрылтайшысы есептелетін «Оңтүстік» корпорациясының өкілдері прокуратураны бұл талабымен келіспеген. Сот прокуратураның талап арызын қанағаттандырып, 2017 жылы Шымкент қалалық қаржы бөлімі мен «МұнайҚұрылысСервис» компаниясы арасындағы келісім-шарттың күшін жойды.