Қаржылық пирамидаға алданбаудың жолы--сауаттылық
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қала аумағында қаржы пирамидаларымен күрес, олардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және тергеу болып табылады. Қазіргі интернет дамыған заманда әртүрлі заңсыз сайттар және парақшалар пайда болуда, әлеуметтік желілерде заңсыз қызметтер орын алуда, пирамида және лудомания жарнамалары көп кездесуде. Бұл туралы аталған департаменттің басшысы Бақыт Қайшыбеков Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Бұл бағытта департамент Қаржы мониторинг агенттігімен, Цифрлық даму, инновациялар министрлігімен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде, заңсыз веб-сайттарды және парақшаларды бұғаттау мүмкіндігі берілді (заңсыз ойын бизнесі және қаржылық пирамида саласында). Бұл мүмкіндік «Кибернадзор» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осы жұмыс нәтижесінде жыл басынан 450-ден астам қаржылық пирамида жарнамалайтын веб-сайттар және әлеуметтік желілердегі парақшалар бұғатталып, ватсап және телеграмм жүйелеріндеі 10 топ (группа) жабылған. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Телеграм желісінде «Байқа пирамида», «AFM Insider» боттары жұмыс істейді, олармен кез келген тұлға белгілі бір жобаға ақша салудан алдын оның қаржылық пирамида белгілері бар немесе жоқтығына тексеру мүмкіндігі бар. Мысалыға, Сіз қызығушылық тудырып жатқан компанияның бизнес сәйкестендіру номерін енгізесіз, онлайн түрде сұрау тексеріліп, егерде компанияда қаржылық пирамида белгілері немесе қылмыстық іс тіркелген болса сізге тиісті хабарлама келеді.
Қаржылық пирамидаларының құрбаны болмаудың негізгі жолы – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
Аталған бағытта қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 2024 жыдлдың 4 маусым күні Агенттік ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы қолдауымен «АФМонлайн» іс-шарасы өткізілген.
Іс-шараның мақсаты – қаржы пирамидалармен күрес, әлеуметтік желідегі тәртіп, интернет-алаяқтықпен күрес тақырыбында эксперттер қатысуымен талқылау. Қаламыздан аталған іс-шараға 2 университеттің 200 ден аса белсенді студенттері, әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, 2 млн-нан астам оқырмандары бар 8 блогер шақыртылып, тікелей эфир жүргізілген.
Департамент тарапынан ұсыныс ретінде, халық көп шоғырланатын «Қажымұқан» стадионындағы экранды ауыстырып, орнына заманауи экранда үзіліс кезінде, матч басында халыққа қаржы пирамидасы, лудомания және т.б зияндығы туралы бейнероликтерді жариялау ұсынылады.
--Себебі, профилактиканың ең тиімді жолы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және насихаттау,-- дейді, Б.Қайшыбеков.