Шымкент: Алты айда мыңнан астам әкімшілік іс қаралды
Биылғы жылдың бірінші жартылдығында Шымкент қаласының бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жалпы саны 999 істі құраған болса, өткен жылдан 91 іс қалдық ретінде өткен, яғни осы жылдың 6 айындағы соттың өндірісіндегі жалпы талап қоюлар саны 1090 әкімшілік істі құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қыдырбаева Гүлмира Дұрысбекқызы баяндады.
Бүгінде бірінші сатылы сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы 546-і кері қайтарылған. Осы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіндегі жалпы 1090 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 884 істі құраған.
Осы аяқталған 884 әкімшілік істің 253-і шешімді (23,2%), 631-і (57,8%) ұйғарымды құраған. Ұйғарымдардың 79 татуласу рәсімімен, 6 соттылық бойынша, ал 546-ы талап қоюды кері қайтару бойынша шығарылған ұйғарымдар (жеке ұйғарым, талапты қамтамасыз ету, ақшалай өндіріп алу туралы сот актілерін қоспағанда).
Бірінші сатылы сотпен қабылданған жалпы 253 шешімнің 139-ы (54,9 %) талап қоюды (ішінара) қанағаттандырумен, ал 114-і талап қоюды қанағаттандырудан бас тартумен шығарылған. Бұдан бөлек, 6 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттан сот алқасына апелляциялық тәртіппен түскен әкімшілік істердің жалпы саны 303 істі құраған. Түскен шағымдардың ішінде 160-ы апелляциялық шағым, 143-і жеке шағым. Ал 6 іс Жоғарғы Соттан сот актілерінің күші жойылуына байланысты басқа құрамда қарау үшін түскен.
Жыл басынан бері сот алқасының өндірісіндегі 303 істің 295 ісі қаралып, аяқталған. Жалпы қаралып аяқталған істерден бөлек 8 іс АПК-нің талаптарын орындау үшін бірінші сатылы сотқа қараусыз кері қайтарылған.
Осы 6 айда алқамен жалпы 4 жеке ұйғарым қабылданған, олар зңды күшіне еніп барлығы орындалған. 2024 жылдың 6 айында сот алқасымен процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.