“Ордабасының» қарызы толықтай өтелді
Ордабасы» клубының 2024 жылға дейінгі қарызы толықтай өтеліп, қала әкімінің қолдауымен Клуб маусымды қарызсыз бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа маусымға ойыншылармен және жаттықтырушылармен келісім-шарт жыл басында жасалған. Яғни, клубтың бұрынғы басшысы Абдубайтов Бауыржан Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз ойыншылардың жалақысын көтеру бойынша келісім-шарт түзген.
УЕФА және Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда шарт сомасы толық өтеледі. Маусым ортасында келісім-шартты тоқтату қосымша шығындарға алып келеді. Сондықтан келісім-шарт жасасу мәселесі маусым аяқталғаннан кейін қаралатын болады.
Осыған орай, Ордабасы командасымен шұғыл жиналыс ұйымдастырылып, алдағы өтетін жауапты ойындарға дайындалу бойынша нақты тапсырмалар берілетін болады.
Осы жерде айта кетері, жуырда Шымкентте заманауи стадионның іргетасі қаланды. Бұл қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын тудыра отырып, жанкүйерлерге ойын кезінде шабыт сылайтын болады. Сондай-ақ, әлімдік додаларды өткізуге, соның ішінде туризмнің дамуына ерекше серпін береді.
Жаңа стадионның орналасатын жері Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран – 2 шағын ауданы. Жаңа аренаның сыйымдылығы 35 мың орындық заманауи түрде болады. Аумағы – 21 гектар.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, "Ордабасы" кәсіби футбол клубының президенті Асхат Сейсембек қатысты.
Шымкент қаласында қазіргі таңда бір ғана стадион бар. Ол Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадион. Аталмыш стадионның іргетасы 1969 жылы салынып бітті. Сыйымдылығы – 18 000 орын. Кеңес кезінде "Октябрдің 50 жылдығы" деп аталды. Қазір таңда жергілікті "Ордабасының" аренасы болып табылады.