Күн тәртібінде—тұрғындардың қауіпсіздігі

Oinet.kz 15-06-2024 517

3.jpg 

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіздігі, олардың алаңсыз өмірі ең басты мәселенің бірі болып табылады. Қылмысқа қарсы күресу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету негізінен полицейлердің, құқық қорғау органдарының  міндеті болғанымен, әкімдік те бұл мәселені назарына тыс қалдырмайды. Өйткені тұрғындардың қауіпсіздігі ең басты мәселе.

Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқ ақарсы күрес мәселесмі талқыланды. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жиында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары А.Бейсенбаев нашақорлық, суицид, ұрлық және интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды баяндады. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және нашақорлықты алдын алу бойынша тиісті шаралар жүргізілді. Жыл басынан қаламызда есірткіге қатысты 201 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Ағымдағы жылдың 5 айында қалада 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға азайған.

Сондай-ақ жиында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары А.Манатұлы қаржы пирамидаларының профилактикасы туралы баяндады. Аталған бағытта осы жылдың 5 айында 3 қылмыстық іс анықталып, тіркелді. Оның 1-і өндіріспен аяқталды, 2 іс өндірісте. Бұл ретте халық арасында түсіндіру шараларын күшейту тетіктері қарастырылды.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды комиссия мүшелері тұрақты түрде жүргізуде. Дегенмен, қала басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейту қажеттігіне тоқталып, аудан әкімдері мен басқарма басшылары комиссия аясында бекітілген іс-шараларды сапалы әрі мүлтіксіз орындауы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Д. Ерғарин жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте атқарып жатқан жұмыстарына баға бере отырып, оны жетілдіру жолдарын комиссияға ұсынды.

Отырыс қорытындысында қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі күн тәртібінде бірінші мәселе болып қалуы тиіс екенін айта келе, жауаптыларға аудандық полиция басқармаларымен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдауды, жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Шымкент: Түріктер ең үлкен жылыжай салмақ
Құрбан айт—мейірімділік пен ізгіліктің мерекесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу