Шымкент: Қала құрылысы кеңесі іске кірісті

Oinet.kz 14-06-2024 507

 image34757272_471c48f865936472bfeaec01177d9db6-696x377.jpg

Шымкент миллионн астам тұрғыны бар, республикада қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Күн санап Шымқаланың келбеті де көркейіп келеді. Осы орайда қаланың келешек дамуына тәжірибелі сәулетшілер мен құрылысшылардың беретін ақыл-кеңесінің маңызы зор.

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков жуырда қала құрылысы кеңесінің отырысын өткізді. Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңес отырысы соңғы рет 2018 жылы ұйымдастырылған екен. Жиынға шақырылған мамандар Шымкенттің  Бас жоспарына, қаланың аумақтық дамуына және жиындарды өткізу регламентіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды қарастырды. Отырысқа сәулетшілер, құрылысшылар, инженерлер мен тиісті сала басшылары қатысты.

Қала әкімі кеңестің қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың сәулет саласындағы дамуын қамтамасыз ету үшін құрылғанын атап өтті.

«Кеңестің негізгі мақсаты - қаланың инфрақұрылымын, көп қабатты тұрғын үйлерін, қоғамдық-іскерлік ғимараттар мен саябақтарды жалпы қаланың көрінісін жергілікті тұрғындар мен қоңақтар үшін тартымдылығын арттыру. Кеңес мүшелерінің арасында алдағы уақытта мәселелерді қарауда ешбір жеке қызығушылық болмауы тиіс», – деді мегаполис басшысы.

Кеңес төрағасы болып қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов тағайындалды. Айтуынша, кеңестің негізгі қызметі - қала құрылысындағы жобалардың бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес іске асырылуының тиімділігін арттыру мақсатында қарау. Сонымен қатар, жиын барысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков Бас жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, қатысушыларды алдын ала жасалған жұмыстармен таныстырды.

Айта кетейік, 29 адамнан тұратын кеңес отырыстарын айына бір рет өткізу жоспарлануда. Кеңестің жұмыс органы болып Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы атынан өкілдік ететін «Шымкентбасжоспар» КММ мекемесі болып табылады.


Нашақорлық--індет
Шымкент: Ақ халатты абзал жандар ардақталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу