Шымкентте заң бұзған 34 шетелдік елден аластатылды

Oinet.kz 05-06-2024 422

photo_448243.jpeg 

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік елден аластатылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде.  Қала аумағында атқарылған жұмыстардың екі күн нәтижесінде Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 266 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ПД-нің Қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 109 адам орналастырылды. Шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзған 208 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен хаттама толтырылды.

Шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 104 шымкенттік әкімшілік кодекстің 518 – бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 20 азамат ӘҚБтК-нің 519 – бабымен жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 34 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан аластатылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Мұның алдында мегаполисте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 35 тұлға жауапқа тартылды. Құқық бұзушыларды полицейлер «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеруде.

Аталған жұмыстар барысында көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді заңсыз тұрғынжаймен қамтамасыз еткен 117 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 35 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды. 54 шетелдік ел аумағынан аластатылды.

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осы орайда, полицейлер азаматтарды көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады және оны бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.


Солтүстікке қоныс аударудың тәртібі түсіндірілді
Нашақорлық--індет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу