Солтүстікке қоныс аударудың тәртібі түсіндірілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Шымкентте халықты ерікті түрде қоныс аудару жөнінде мемлекеттік қолдау жобасы жайында құлағдар ету үшін ақпараттық керуен шағынаудандарды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.
Ақпараттық керуен құрамында қалалық Әл-Фараби ауданы мансап орталықтарының өкілдері бар. Мамандар Рысқұлов көшесі,Тараз, Теріскей шағын аудандарында, Hyper Hause сауда орталығынде, Кең баба саябағы, ЦУМ мен MEGA PLANET сауда орталығы, Арбат демалыс орны,Тәуелсіздік саябағы мен Қарасу шағынаудандарында болып, тұрғындарға жоба жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіп, арнайы әзірленген кітапшалар таратты.
Қазір елімізде ұлттық тұжырымдама шеңберінде оңтүстік өңір халқын ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныстандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл Әл-Фараби ауданында аталған жоба бойынша бойынша 63 отбасыны (250 адам) Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру жоспарланып отыр.
Айта кетері, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Олар төмендегідей:
- отбасы әрбір мүшесіне 35 АЕК көшуге біржолғы төлем;
- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, олар отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жеріне байланысты отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төленеді.