«Таза Қазақстан» аясында ағаштар егілді

Oinet.kz 14-04-2024 218

4.jpg 

 --Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында ағаш егілді. Басты мақсат- қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру,--деп хабарлады Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ағаш егу акциясына БАҚ өкілдері, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты. Нәтижесінде 60-қа жуық ағаш отырғызылды.

Ағаш- даму мен өркендеудің белгісі. Бүгінгі отырғызылған ағаштардың тамырлары тереңге жайылып, өссе болашақта елге сая болады. Ұйымдастырушылар « Бүгінгі іс-шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.

Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз»-дейді.

Қала тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізетін, сүйікті қаланы жасыл қалаға айналдыруға бағытталған бүгінгідей игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Қазақстан бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» тазалық акциясына білім беру мекемелері де атсалысып жатыр.

Солардың бірі Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебі. Мектеп ұжымы "Менің таза өлкем" акциясын өткізді.

"Жас эколог" тобы "Таза болса табиғат, Аман болар адамзат" ұранымен мектеп ауласында тазалау жұмыстарын жүргізді. Білім ордасының айналасын қоқыстардан тазартты. Талдардың түптерін қопсытып, ауланы сыпырды. Сонымен бірге мектеп аумағына раушан гүлдерін екті.

«Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Бүгінде қаламызбен бірге мектебіміз де көркейе түсті»- дейді олар. Ұстаздар да шәкірттерінің жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.

 «Жасыл желек – жанға сая. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі»- деген Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Менің таза өлкем» тақырыбында тазалық жұмыстары атқарылды. Мектеп маңайын тазартумен қатар, көгалдандыру мақсатында жасыл шыршалар отырғызылды.

Айта кету керек, соңғы жылдары ғаламдық экологияның шектен тыс бұзылуына байланысты ағаш егу жұмыстары қолға алынып, сол арқылы қоршаған ортаның ауасын тазарту шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі.

Осыған орай, экологияға пайдалы мұндай жұмыстар мектепте де қолға алынып отыр. Осы мақсатта, көгалдандыруға бағытталған сенбілікке мектеп оқушылары белсене атсалысып, жұмыс істеді.

Жалпы, мектеп ұжымы «қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді, тазалық та маңызды орын алады. Ұрпағымыздың бақытты әрі салауатты өмір сүруі үшін бүгіннен бастап жауапкершілікті сезінуіміз парыз» дейді.


«Бозарықта» 8 жоба іске асады
Шымкент: «Таза өлке» көшелерді тазалаудан басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу