«Қолғап» ертегісі (балабақшада)

Oinet.kz 30-06-2019 1645

ashik-sabak-balabakshada.jpg

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі. 

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. 

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. 

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр. Балалар шеңбер құрады. Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қуанатын күн бүгін, Сәлеметсіздер ме апайлар! 

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? 

Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. 

Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді. ЖҰМБАҚТАР: Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. /Аю/ Қалқиған ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/ Өзі бір қу, Жүрген жері  шу./Түлкі/ Күші десең, күші бар, Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/ Таңдайлары тақылдап, Шулайтын кім шалшықта Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/ Жер қопарған тісімен, Сескенесің түсінен. /Қабан/ Үй-ішін аралап, Түнде көп жортады. Қаптарды жыртады, Мысықтан қорқады. /Тышқан/ Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. 

Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар? Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері? Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады? Балалар: «Қолғап» Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.   Тышқан: Өзім егін екпеймін, Егістен ұзап кетпеймін. Мысық қуса жетпеймін, Мен қап тесер тышқанмын. 

Бақа: Мен бақамын, бақ-бақ, Басым менің жалпақ. Су түбінде көп жүріп, Басым содан жалпақ. Қоян: Мен ақ қоян, ақ қоян, Қалқиған ұзын құлағым. Құлағымды жел үніне, Тігіп жатар сақ қоян. Түлкі: Ананы да алдаған, Мынаны да алдаған. Жүрген жері шу, Мен түлкімін қу. Қабан: Шалшық суда, Балшық суда жүретін. Мен сояу тісті қабанмын.        

Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын, Қозы ұрлайтын өрістен. Ұйқым келмейді егерде, Қозы етін жемесем. Аю: Кезген ішін орманның, Мен аюмын қорбаңмын. Қалың нудан бал таңдап, Жүремін мен балпаңдап. 

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар. Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді. 

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын. Шыршалардың арасынан бақа шығады. 

Бақа: Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады. Ал сен кімсің? Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші. 

Тышқан: Мұнда орын жетеді. Шыршалардың арасынан қоян шығады. 

Қоян: Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. 

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің? Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым. 

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян. Қолғапқа түлкі бикеш келеді. 

Түлкі: Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. 

Бақа: Секек бақа тұрады. 

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің? 

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші. Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі. Шыршалардың арасынан қасқыр шығады. Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. 

Бақа: Секек бақа тұрады. Қоян: Зымырауық қоян тұрады.      

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады. Ал сен кімсің?      

Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр. Қолғапқа қабан келеді. Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. 

Бақа: Секек бақа тұрады. Қоян: Зымырауық қоян тұрады.      

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.     

 Қасқыр: Қасқыр тұрады. Ал сен кімсің?      

Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Қабан қолғапқа кіреді. Шыршалардың арасынан аю шығады.      

Аю: Қолғапта кім тұрады? 

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. 

Бақа: Секек бақа тұрады. 

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.      

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

 Қасқыр: Қасқыр тұрады. 

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады. Ал сен кімсің? Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші. 

Тышқан: Жоқ!  

Бақа: мұнда орын жоқ!    

  Қоян: сен дәусің қалай кіресің?     

Аю: Қолғапқа кіреді. 

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады. Ит әуп-әуп-әуп. Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар? Қолғаптан тез шығыңдар. Шал мылтықпен келеді. Қолғапты алып кетеді. Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай. Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге үй-баспана құрастырайық. Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады. Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар.

«Қолғап» ертегісі (балабақшада)
Үйшік ертегісіне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу